Экономика

5В050600 «Экономика» мамандығы экономиканың түрлі салаларында және секторларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде экономикалық білім талап етілген және студенттер менеджмент, маркетинг, экономика салаларында білім алады.
Экономист – бұл өндірістің тиімділігін, өнімнің сапасын арттыруға және жаңа өнім түрлерін игеруге, материалды, еңбек және қардылық ресурстарды қолдану нәтижелерін арттыруға бағытталған кәсіпорынның экономикалық қызметін іске асыратын маман.
Бұндай маман өнімді өткізу көлемін ұлғайту және табысты арттыру мақсатында кәсіпорынның шаруашылық-қаржы, өндірістік жән коммерциялық қызметінің жобасын құрастыру үшін бастапқы деректерді дайындайды. Экономист тапсырманың экономикалық нысанын дайындауға қатысады, дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламаларды қолдану мүмкіндігін анықтайды.
Кәсіби қызметтің объектілері: қызмет түріне, көлеміне, меншік нысанына байланысты емес ұйымдар (ҚР резиденті және резиденті емес), қоршаған ортаны қорғау және табиғатты рационалды пайдалану ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары, жалпы білім бер ұйымдары (гиназия, колледж).


            
Біздің түлектеріміз мемлекеттік және жеке компаниялардың экономикалық қызмет саласында жұмыс жасайды, экономиканың түрлі салаларында жақсы басқарушылар болып табылады да, экономист, маман, талдаушы лауазымдарына ие.

 

 

 

Пәндер каталогы