Туризм

5В090200
Біздің республикамыз үшін туризм саласы жаңа құрылым болып табылады, сондықтан «Туризм» мамандығы тартымды мамандық болып табылады. Бүгінде республикада осы мамандық бойынша кдрлармен қамтамасыз ету мәселесі тұр.

 

Туризм бакалаврының кәсіби қызметі туристік кәсіпорындардың және ұйымдардың басқару үрдісін жетілдіруге, ағымдағы және келешекті жоспарлау жүйесін оңтайландыру мақсатында туристік мүмкіндіктерді зерттеуге, заманауи туристік күту әдістерін ендіруге, туристік өнімдердің сапасын арттыруға, туристік кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға бағытталған.

 

«Туризм» мамандығының түлектері туристік нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар, туризмнің даму тарихы, туристік кәсіпорындардың табысы, Қазақстанда туризмді дамыту келешегі мен мәселелері, қызметкерлердің менеджменті, маркетингтік зерттеулердің қағидалары, халықаралық құқықтық қатынас, халықаралық стандарттар, турситік кәсіпорындарды құрылымы, туризм инфрақұрылымының негізгі сипаттамалары, туристерді сақтандыру және туристік кәсіпорындарды лицензиялау туралы білім алады да, туризм саласындағы нақты әдістер мен техникаларды, маркетингтік зерттеу аспаптарын, туристерді қабылдау және жіберу әдістерін меңгереді және туристерді күту бағдарламасын құрастыруды, ҚР кеден заңдылығын тәжірибе жүзінде қолдануды, шетел серіктестермен байланысуды, туризм бойынша серіктестермен жұмысты ұйымдастыруды, туристік көрсетілім объектілерін ұйымдастыруға, халықаралық нарықта серіктестерді табуды үйренеді.  

 

Біздің түлектеріміз республиканың белгілі туристік компанияларында және қонақүйлерінде жұмыс жасайды.