Құқықтану

5В030100 - «Құқықтану»

Сіз бір кездері біздің Республикамыздың заңында жазылған өзіңіздің құқықтарыңызға қызығып көрдіңіз бе? Жоғарыдан қызмет атқаратын биліктің барлық тармақтарымен жақынырақ танысқыңыз келе ме? Немесе басқа адамдардың құқықтарын қорғау үшін күресетін не болмаса сот билігін жүзеге асыратын тұлға болғыңыз келе ме?
Сіз Қазақ – Америка университетінің «құқықтану» мамандығының студенті болып, бұл мәліметтер жайлы көп біліп, оларды жүзеге асыруыңызға болады. Бізде әр мұғалім өз мамандығын жетік білетін ұстаздар қауымы бар. Сіз дәріс және практикалық сабақ барысында сот төрағасы, қорғаушы және нотариус сияқты мамандықтармен таныса аласыз. Сонымен қоса, заң шығарушы және атқарушы қызметімен, азаматтық және қылмыстық істерді реттеуді үйрене аласыз, «Заң-Инфо» студенттік ғылыми қоғамға белсене қатысып және криминология бойынша жабдықталған зертханада тәжірибе өткізуді үйрене аласыз.
 

Болашақта бұл мамандық сізге көптеген мамандықтар мен лауазымдарға жол ашады.
Осы мамадықти игеріп, төменде көрсетілген кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра аласыз.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдардағы ұйымдық-басқарушылық қызмет;
2. Ішкі істер органындағы құқық қорғау қызметі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес , ұлттық қауіпсіздік, прокуратура, сот ұйымдары, т.б.
3. Қорғаушы, заңгер-көмекші ретіндегі құқықтық және кеңестік қызмет.
4. Орта білім және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында педагогикалық қызмет.
 

 Пәндер каталогы

Закон Инфо студенттік ғылыми қоғамы 2 ақпанда 2007 жылы қүрылған. Оның стенді 408 оқу бөлмесінде орнатылған. Қоғамның отырыстары семестрда екі рет өткізіледі, мәлімет хаттамаға өткізіліп стендте бәріне ашық. Ғылыми қоғамның мақсаты студенттерді ғылыми категория бойынша ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми қорытынды жасау, ғылыми жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, оған қосса диплом қорғауына дайындалу. Закон Инфо студенттік ғылыми қоғамның негізгі принциптері: қарсы пікір білдідрушінің ойын қүрметтеу, ғылыми пікірдің негізділігі, соңғы ғылыми жетістіктер және заң өзгерістерді білу.
Закон Инфо студенттік ғылыми қоғамының басқарушысы Қуатова А.Ш.ҚАУ Ассистент профессоры. Басқарушы жалпы үйлестіру жұмысын атқарады, отырыстын қорытындысын жасайды, ғылыми кеңес береді.
Закон Инфо студенттік ғылыми қоғамының төрағасы студенттердің арасынан сайланады. Оның қызметіне отырыс, кіші конференция өткізу кіреді. Келесі төраға жалпы студенттердің жиналысының шешімі бойынша сайланады немесе оқу мерзімі өткенде. Закон Инфо студенттік ғылыми қоғамының төрағасына қойылатын талаптар: оқу жақсы көрсеткіштері, оның ғылыми саласындағы талапты болуы, жетекші қабілеті.