Журналистика

5В050400
«Журналист»
квалификациясы бар маманның лауазымдар тізімі: корреспондент, репортер, әдеби қызметкер, баспасөз-хатшы, референт, баспасөз қызметкері, шолушы, комментатор, жаңалықтардың жүргізушісі, модератор, продюсер, редактор, редактордың орынбасары, бөлімнің меңгерушісі, жауапты хатшы, публицист, очеркші, фельетонист, қоғаммен байланыс жөніндегі маман, коммуникациялық құрылымның менеджері, хабаршы сарапшы, спичрайтер, веб-редактор, редактор-маман, жарнама агенті және т.б..

5В050400 «Журналистика» мамандығының түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері:
  • отандық және шетелдік электронды және баспа БАҚ;
  • отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктер және мемлекеттік және тәуелсіз органдардың жаңалықтар қызметі;
  • отандық және шетелдік  баспалар мен полиграфиялық кешендер;
  • отандық және шетелдік мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметтері;
  • Қазақстан мен шетелдегі қоғамдармен байланыс жөніндегі құрылымдар мен бөлімшелер;
  • саяси, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер мен Қазақстанның және шетелдің консалтингті құрылымдары;
  • жарнама агенттіктері;
  • желілік ақпараттық құрылымдар;
  • ойын-сауық қызметтер мен акциялардың нарығы.

 

Осы мамандық түлектерінің кәсіби қызметінің нысандары болып, қоғамды хабарландыру, қоғамдық сананы қалыптастыру, ақпаратты жинау, тарату, өңдеу, өзекті мәселелерді зерттеу және жеткізу, құзыретті пікір білдіру, қоғамдық жағдайларды талдау, ақпаратты басқару, ақпараттық серіктестікті құру, мәтіндерді құрастыру және түзету, жарнама материалдарын жасау табылады.

 

Біздің түлектеріміз еліміздің түрлі БАҚ жұмысқа тұрады, олар өздерін телеканалдарда, радио мен газеттерде жақсы журналист, PR менеджер, репортер ретінде көрсетуде.

Пәндер каталогы