Мамандықтар

Журналистика

5В050400
«Журналист»
квалификациясы бар маманның лауазымдар тізімі: корреспондент, репортер, әдеби қызметкер, баспасөз-хатшы, референт, баспасөз қызметкері, шолушы, комментатор, жаңалықтардың жүргізушісі, модератор, продюсер, редактор, редактордың орынбасары, бөлімнің меңгерушісі, жауапты хатшы, публицист, очеркші, фельетонист, қоғаммен байланыс жөніндегі маман, коммуникациялық құрылымның менеджері, хабаршы сарапшы, спичрайтер, веб-редактор, редактор-маман, жарнама агенті және т.б..

5В050400 «Журналистика» мамандығының түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері:
  • отандық және шетелдік электронды және баспа БАҚ;
  • отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктер және мемлекеттік және тәуелсіз органдардың жаңалықтар қызметі;
  • отандық және шетелдік  баспалар мен полиграфиялық кешендер;
  • отандық және шетелдік мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметтері;
  • Қазақстан мен шетелдегі қоғамдармен байланыс жөніндегі құрылымдар мен бөлімшелер;
  • саяси, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер мен Қазақстанның және шетелдің консалтингті құрылымдары;
  • жарнама агенттіктері;
  • желілік ақпараттық құрылымдар;
  • ойын-сауық қызметтер мен акциялардың нарығы.

 

Осы мамандық түлектерінің кәсіби қызметінің нысандары болып, қоғамды хабарландыру, қоғамдық сананы қалыптастыру, ақпаратты жинау, тарату, өңдеу, өзекті мәселелерді зерттеу және жеткізу, құзыретті пікір білдіру, қоғамдық жағдайларды талдау, ақпаратты басқару, ақпараттық серіктестікті құру, мәтіндерді құрастыру және түзету, жарнама материалдарын жасау табылады.

 

Біздің түлектеріміз еліміздің түрлі БАҚ жұмысқа тұрады, олар өздерін телеканалдарда, радио мен газеттерде жақсы журналист, PR менеджер, репортер ретінде көрсетуде.

Пәндер каталогы

 

Халықаралық қатынастар

5В020200 – «Халықаралық қатынастар»

«Халықаралық қатынастар» мамандығын оқыту Қазақ-Америка Университетінде 1997 жылдан басталды.
Бұл мамандық шетел оқу орындарымен,мекемелермен және ұйымдармен белсенді түрде ынтымақтасады, ақпаратпен алмасу және ғылыми байлаланыс түрінде жүзеге асырылады, ғылыми практикалық конференцияларда қатысу,кенестерде, сонда-ақ өзара кенестерде және практикалық тренингтерде , студентердің және мұғалімдердің шет елдерде оқу және тағылымдамадан өту программалары бойынша.
Студенттік ұтқырлық программасы бойынша студенттер Солтүстік Корея,Испания сияқты жоғарғы оқу орындарында оқуларын өткізеді. «А»категориясының студенттері оқуларын Америка серіктес жоғарғы оқу орындарының бірінде бітіруге және дипломын алуға толықтай мүмкіндіктері бар. Оқыту Қазақстандық оқу программасымен сәйкес ,онымен қоса серіктес ЖОО программасы бойынша ағылшын тілінде жүргізіледі. Халықаралық білім беру корпорациясы мен серіктес шетел жоғарғы оқу орындарымен серіктестік жасалған Шарт артикуляция негізіндежүзеге асырылады. Халықаралық қатынастар мамандығының студенттері БҰҰ модель ойының белсенді қатысушылары болып келеді,сол сияқты Қазақстанда да шет елдерде де (Киев,Рим,Санкт-Петербург).
Бұл мамандық бойынша жоғары білікті профессорлар оқытады,топтық шетелдік жоғарғы оқу орындарында тағылымдамалар өткен ,сол сияқты атақты дипломаттар және елдің жетекші халықаралық қатынастар мамандары:
• Курмангужин С.А. Сыртқы істер министрінің орынбасары, Венгрия және Түркиядағы Қазақстандық елшісі,ГАК төрағасы,көпшілік дәрістер
• Азербаев С.Г.Бірінші орынбасар ,Бейбітшілік және Келісім қорының төрағасы, Уганда елшісі, ГАК төрағасы,көпшілік дәрістер
• Джамбуршин А.Ш. Америка Құрама Штатының бірінші Қазақстандық елшісі,ГАК төрағасы,көпшілік дәрістер.
• Камалов А.К.Орта Еуропалық университетінің саяси зерттеулер орталығының директоры (Будапешт,Венгрия)
Халықаралық қатынастар мамандығының түлектері ҚР Сыртқы Істер Министілігінің сыртқы саяси қызметімен айналысады, АҚШ елшілігі, British Council, Халықаралық программмалар орталығы «Болашақ», ҚР жастар даму саясатының қоғамдық қоры, АҚ «Астаналық дипломатия корпусының басқаруы бойынша қызмет көрстету» ,Испандық мәдени және білім беру орталығы, Визалық орталық VF Services,және тағы басқалары.

 

Пәндер каталогы

 

Аударма ісі

5В020700 – «Переводческое дело»

Объектами профессиональной деятельности выпускников являются: учреждения культуры, международные организации, различные информационно-аналитические службы, посольства и представительства, министерства, агентства по туризму, издательства, бюро по переводу и другие организации и предприятия.
Предметами профессиональной деятельности в соответствии с полученной фундаментальной и специализированной подготовкой являются: оригинальные тексты разных жанров и стилей в различных видах перевода, справочная литература и другие источники информации (интернет, электронные словари).
Переводчик должен осуществлять профессиональный письменный (полный и/или реферативный) и устный (последовательный) перевод в организациях, осуществляющих внешнеполитические, внешнеэкономические, научно-культурные связи республики с другими государствами; в различных отраслях экономики; в системе международного туризма; в информационно-аналитических службах и агентствах.
 

Наши выпускники работают в таких сферах как: административно-управленческая сфера, сфера образования и науки, сфера культуры и межкультурной коммуникации, сфера международных связей, сфера издательского дела и показывают себя как хорошие специалисты своего дела.Жыл сайын біздің мамандық студенттері Алматы қаласының және Қазақстанның басқа қалаларының орталықтары мен ұйымдарында жұмыс істейді. Бұл StudyInn, EduStream, ELC, аударма академиясы, «Диалог», сондай-ақ аударма бюролары, туристік агенттіктер және біздің студенттердің жұмысы талап етілетін көптеген басқа мекемелер.

Пәндер каталогы

Радиотехника, электроника және телекоммуникация

5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы»

Бүгінгі таңда байланыс, ақпарат тарату саласы үлкен жаңалықтарға толы. Радиобайланыс және телекоммуникациялар жүйелері ғылым мен техниканың жетістіктері мен озық үлгілерін заман талабына сай үндестіріп, қарышты дамуда.
Жылжымалы байланыс, жерсеріктік байланыс, радиохабар және теледидар, компьютер және ақпарат жүйелері, ғаламды Internet желісі сынды ақпарат құралдарынсыз қазіргі өмірімізді елестету мүмкін емес. Мұның бәрі – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығын игерген түлектердің қызмет атқаратын саласы. Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласы мамандарының қызметіне телекоммуникациялар, радиобайланыс, теледидар, радиохабар, радиолокация мен навигация, радиобасқару, жылжымалы байланыс, телевизиялық және дыбыс белгілерін радиотарату мен радиохабарлау, микробақылаушы және микроЭЕМ көмегімен басқарылатын жүйелер мен электронды және компьютерлі жүйелер кіреді.


Біздің мамандық түлектері - байланыс тораптары мен коммутациялау жүйелері, көпарналы телекоммуникацилық жүйелер, радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, оның ішінде радиорелейлік, жерсеріктік және жылжымалы байланыс жүйелері, дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары, электронды жүйелерді, соның ішінде беріліс объектілерін басқарудың, ақпаратты өңдеу мен жаңғыртудың электронды жүйелері, телекоммуникациялық жүйелерде және тораптарындағы ақпараттық қауіпсіздік құралдарын пайдаланатын мемлекет экономикасының барлық салаларында қызмет ете алады.
Бүгінде - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының түлектері: «Қазақстан» РТРК, «Хабар» Агенттігі, Алматы облыстық телекоммуникация дирекциясы, «Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «Алтел» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Алматытелеком» ҚТО, «ALOOTelecom» ЖШС, «Алси» ЖШС, «DosTelecom» ЖШС, «Astel» ЖШС, «Мобаил Телеком Сервис» ЖШС, «НҰРСАТ» АҚ, «ИНФРА-КОМ» ЖШС, «VIDEOSECURITY.kz» ЖШС, «КазНипиэнергетикиисвязь» ЖШС, «Kaztranscom» АҚ, «Техническое бюро» ЖШС, «Аларм Систем» ЖШС, «Базис телеком» ЖШС сынды мекемелерде қызмет етеді.

Жоғарыда аты аталған мекемелерде ұйымдастырушылық және эксплуатациялық қызметке машықтану мақсатында студенттер түрлі тәжірибеден өтеді.
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бакалаврының түлектері қашанда үлкен сұранысқа ие. Қазақстан телекоммуникациясының ұлттық желісін жаңарту мен кеңейту, жаңа талшықты – оптикалық тораптарын салу, жаңа цифрлі АТС–ті іске қосудың маңызды міндеттерін шешу осы мамандардың еншісінде болмақ. 2020 жылға қарай Қазақстан Жер орбитасына бес байланыс жерсерігін шығаруды болжап отыр, бұл жерсеріктік байланысты дамытуға кең мүмкіндік береді. Заман талабына сай еліміздің электроэнергетикалық саласын жаңарта отырып, заманауи телекоммуникацияларды еркін енгізу, сонымен қатар ғаламдық корпоративтік ақпарат желісін құру негізінде жүргізілетін келелі мәселелерде де олар белсенді үлес қосатын болады.
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттері ғылым мен білімді, теория мен практиканы, оқу мен қоғамдық жұмысты білікті ұштастырады.
«Радиоэлектроника және есептеу техникасы» кафедрасы үшін көкейтесті мақсаттардың бірі студенттерді одан әрі кафедраның ғылыми тақырыптарын жасауға баулу, студенттерді шетелде оқыту үшін қажетті дайындық, сонымен қатар пәндік олимпиадаларға және республикалық ғылыми жобалар сайыстарына қатысуға қажетті жұмыстар жүргізу. 
 

Пәндер каталогы

Туризм

5В090200
Біздің республикамыз үшін туризм саласы жаңа құрылым болып табылады, сондықтан «Туризм» мамандығы тартымды мамандық болып табылады. Бүгінде республикада осы мамандық бойынша кдрлармен қамтамасыз ету мәселесі тұр.

 

Туризм бакалаврының кәсіби қызметі туристік кәсіпорындардың және ұйымдардың басқару үрдісін жетілдіруге, ағымдағы және келешекті жоспарлау жүйесін оңтайландыру мақсатында туристік мүмкіндіктерді зерттеуге, заманауи туристік күту әдістерін ендіруге, туристік өнімдердің сапасын арттыруға, туристік кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға бағытталған.

 

«Туризм» мамандығының түлектері туристік нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар, туризмнің даму тарихы, туристік кәсіпорындардың табысы, Қазақстанда туризмді дамыту келешегі мен мәселелері, қызметкерлердің менеджменті, маркетингтік зерттеулердің қағидалары, халықаралық құқықтық қатынас, халықаралық стандарттар, турситік кәсіпорындарды құрылымы, туризм инфрақұрылымының негізгі сипаттамалары, туристерді сақтандыру және туристік кәсіпорындарды лицензиялау туралы білім алады да, туризм саласындағы нақты әдістер мен техникаларды, маркетингтік зерттеу аспаптарын, туристерді қабылдау және жіберу әдістерін меңгереді және туристерді күту бағдарламасын құрастыруды, ҚР кеден заңдылығын тәжірибе жүзінде қолдануды, шетел серіктестермен байланысуды, туризм бойынша серіктестермен жұмысты ұйымдастыруды, туристік көрсетілім объектілерін ұйымдастыруға, халықаралық нарықта серіктестерді табуды үйренеді.  

 

Біздің түлектеріміз республиканың белгілі туристік компанияларында және қонақүйлерінде жұмыс жасайды.
Есеп және аудит

5B050800 – «Есеп және аудит»

Маман иесі өз кәсіби біліміне сүйене отырып активтер, міндеттемелер, капитал, ақша айналымы, табыс және шығын, сонымен қатар кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі туралы деректерді басқару үшін құрылымын, анализ және активтерді басқаруды қолдануды қамтамасыз ету. Осы арқылы тұрмыстық субъекттердің экономикалық потенциалын қолдануды, олардың қаржылық және экономикалық байланыстарын тиімді ұйымдастыруды, физикалық және заңды тұлғалардың жеке, экономикалық мүдделерін қорғауға қолғабыс жасауды жақсартуға үлесін тигізеді. 

Кәсіби қызмет саласы: мемлекеттік органдар, барлық меншік түріндегі мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы, ғылыми-зерттеу ұйымындағы экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдары

Кәсіби қызмет обьектілері: кәсіпорын мүлігі, оның міндеттемесі, капиталы және активтер мен оларды қалыптастыру көздерінде өзгерістер тудыратын шаруашылық операциялары, сонымен қатар ,экономиканың әр түрлі саласындағы шаруашылық субъектілері, Министрліктер мен ведомстволар, Салық комитеті, статистика бойынша ҚР Агенттігі, меншік формасына немесе көлеміне, қызмет түріне тәуелсіз мекемелер мен фирмалар, басқару органдары,ғылыми зерттеу мекемелері,банк жүйесі
 

Кәсіби қызмет түрлері:
• ұйымдастыру-басқару;
• есептік-жобалау;
• білім беру (педагогикалық).

Кәсіби қызмет мазмұны:
• есептеме мен қаржылық есептің принциптерінің мәнін жазу;
• кәсіпорынның өзгешеліктерін ескере отырып есеп саясатын жасау;
• шаруашылық операцияларының есебін дұрыс ұйымдастыру және жүргізу;
• мүліктердің, міндеттемелер мен капиталдың қозғалыстарын есеп құжаттарында уақытылы тіркеу;
• барлық әлеуметтік саладағы және мекемелердегі кәсіпкерлердің субъектісі үшін қаржылық есеп беруді құру;
• қаржылық есептемені корпоративтік және корпоративтік емес ұйымдар үшін даярлау;
• әлеуметті-экономикалық, қоғамдық саясаттық құбылыстарды динамикада талдау; қысқа және ұзақ мерзімді болжаулар жасау;
• әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың құрылымын және олардың жиынтығын меңгеру;
• бухгалтерлік есептің мәліметтерін тіркеу, өңдеу, түгендеу;
• бухгалтерлік есеп әдістемесін ұғыну;
• өзінің көзқарастарын ойлы, дәлелді жеткізе білу;
• талдау негізінде оқылатын үрдістің дамуындағы пайда болатын тенденцияларды анықтау;
• экономикалық жағдайларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау;
• басқару және өндірістік қызметтің деңгейін арттыруға ықпал ету;
• шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және аудит жүргізу.
 

Қаржы

5В050900 – «Қаржы»

Маманиесі өзкәсібибіліміне сүйене отырып активтер, міндеттемелер, капитал, ақшаайналымы, табысжәнешығын, сонымен қатар кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі туралы деректерді басқаруүшін құрылымын, анализ және активтерді басқаруды қолдануды қамтамасызету. Осы арқылы тұрмыстық субъекттердің экономикалық потенциалын қолдануды, олардың қаржылық және экономикалық байланыстарын тиімді ұйымдастыруды, физикалық және заңды тұлғалардың жеке, экономикалық мүдделерін қорғауға қолғабысжасау дыжақсартуғаүлесінтигізеді.

Кәсібиқызметсаласы: мемлекеттік органдар, барлық мен шіктүріндегі мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы, ғылыми зерттеу ұйымындағы экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдары.

Кәсібиқызметобьектілері:
5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалаврларының кәсіби қызметтерінің пәні: қаржы-несие саясатының стратегиялық бағыттарын анықтау және оларды іске асыру,жоспарлау,бюджеттеу,қаржы-экономикалық процестерді болжау,қаржы,сақтандыру нарықтарының қатысушыларының есеп берушіліктерін құрастыру,валюта-несиелік реттеу әдістемесін меңгеру,төлем балансын құрастыру,халықаралық қаржылық ұйымдардың тәжрибесін игеру және оны отандық тәжрибеде қолдану.Қаржы мамандығы бойынша бакалавриат түлегінің кәсіби қызметінің объектісі болып мемлекеттік органдар, ҚР қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, екінші деңгейлі банктер,салық органдары,қазынашылық,қор биржалары, бюджеттік қаржылық мекемелер,инвестициялық қорлар,экономикалық соттар,қаржы полициясы сонымен қатар сақтандыру компаниялары,коммерциялық кәсіпорындар,фирмалар.
 

Кәсібиқызметтүрлері:
- ұйымдастыру-басқару;
- есептік-жобалау;
- білім беру (педагогикалық).

Кәсібиқызметмазмұны:
- кәсіпорынның өзге шеліктер інескереотырыпесепсаясатынжасау;
- шаруашылықоперацияларыныңесебін дұрысұйымдастыружәнежүргізу;
- мүліктердің, міндеттемелер мен капиталдың қозғалыстарынесепқұжаттарындауақытылытіркеу;
- барлықәлеуметтіксаладағыжәнемекемелердегікәсіпкерлердіңсубъектісіүшінқаржылықесепберудіқұру;
- қаржылықесептеменікорпоративтікжәнекорпоративтікемесұйымдарүшіндаярлау;
- әлеуметті-экономикалық, қоғамдықсаясаттыққұбылыстардыдинамикадаталдау; қысқажәнеұзақмерзімдіболжауларжасау.

Пәндер каталогы

 

Экономика

5В050600 «Экономика» мамандығы экономиканың түрлі салаларында және секторларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде экономикалық білім талап етілген және студенттер менеджмент, маркетинг, экономика салаларында білім алады.
Экономист – бұл өндірістің тиімділігін, өнімнің сапасын арттыруға және жаңа өнім түрлерін игеруге, материалды, еңбек және қардылық ресурстарды қолдану нәтижелерін арттыруға бағытталған кәсіпорынның экономикалық қызметін іске асыратын маман.
Бұндай маман өнімді өткізу көлемін ұлғайту және табысты арттыру мақсатында кәсіпорынның шаруашылық-қаржы, өндірістік жән коммерциялық қызметінің жобасын құрастыру үшін бастапқы деректерді дайындайды. Экономист тапсырманың экономикалық нысанын дайындауға қатысады, дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламаларды қолдану мүмкіндігін анықтайды.
Кәсіби қызметтің объектілері: қызмет түріне, көлеміне, меншік нысанына байланысты емес ұйымдар (ҚР резиденті және резиденті емес), қоршаған ортаны қорғау және табиғатты рационалды пайдалану ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары, жалпы білім бер ұйымдары (гиназия, колледж).


            
Біздің түлектеріміз мемлекеттік және жеке компаниялардың экономикалық қызмет саласында жұмыс жасайды, экономиканың түрлі салаларында жақсы басқарушылар болып табылады да, экономист, маман, талдаушы лауазымдарына ие.

 

 

 

Пәндер каталогы

Құқықтану

5В030100 - «Құқықтану»

Сіз бір кездері біздің Республикамыздың заңында жазылған өзіңіздің құқықтарыңызға қызығып көрдіңіз бе? Жоғарыдан қызмет атқаратын биліктің барлық тармақтарымен жақынырақ танысқыңыз келе ме? Немесе басқа адамдардың құқықтарын қорғау үшін күресетін не болмаса сот билігін жүзеге асыратын тұлға болғыңыз келе ме?
Сіз Қазақ – Америка университетінің «құқықтану» мамандығының студенті болып, бұл мәліметтер жайлы көп біліп, оларды жүзеге асыруыңызға болады. Бізде әр мұғалім өз мамандығын жетік білетін ұстаздар қауымы бар. Сіз дәріс және практикалық сабақ барысында сот төрағасы, қорғаушы және нотариус сияқты мамандықтармен таныса аласыз. Сонымен қоса, заң шығарушы және атқарушы қызметімен, азаматтық және қылмыстық істерді реттеуді үйрене аласыз, «Заң-Инфо» студенттік ғылыми қоғамға белсене қатысып және криминология бойынша жабдықталған зертханада тәжірибе өткізуді үйрене аласыз.
 

Болашақта бұл мамандық сізге көптеген мамандықтар мен лауазымдарға жол ашады.
Осы мамадықти игеріп, төменде көрсетілген кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра аласыз.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдардағы ұйымдық-басқарушылық қызмет;
2. Ішкі істер органындағы құқық қорғау қызметі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес , ұлттық қауіпсіздік, прокуратура, сот ұйымдары, т.б.
3. Қорғаушы, заңгер-көмекші ретіндегі құқықтық және кеңестік қызмет.
4. Орта білім және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында педагогикалық қызмет.
 

 Пәндер каталогы

дү се сә бе жұ се же
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Назар аударыңыз!!! байқау!!!

 
ҚАУ-дың Халықаралық департаменті Оңтүстік Кореяда орналасқан KookminUniversity-де2018 ж. күзгі семестр кезінде   2 орын оқуына конкурс жариялау туралы қуана хабарлайды!
                                                                     
Өтінімдер 28 мамырға дейін қабылданады!