Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқуға қабылдау тәртібі
1. Қазақ Америка университеті қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша төмендегі мамандықтар бойынша дайындауды жүзеге асырады:
1. 5В050600 - Экономика
2. 5В050800 – Есеп және аудит
3. 5В050900 - Қаржы
4. 5В030100 - Юриспруденция
5. 5В020200 – Халықаралық қатынастар
6. 5В020700 – Аударма ісі
7. 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
2. ҚОТ келесі білім алушылар үшін пайдаланады:
1) техникалық жіне кәсіби, ортадан кейінгі және жоғары білім негізіндегі жеделтілген білім беру бағдарламалары бойынша;
2) шектеулі физикалық мүмкіндіктері бар тұлғалар үшін, соның ішіндегі мүгедек-балалар және білім берудің әр түрлі деңгейіндегі 1 және 2 топ мүгедектері үшін;
3) «Болашақ» стипендиаттарынан басқа, жоғары білім деңгейінде білім алушылармен алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тыс шыққандар үшін;
4) жоғары білім деңгейінде әскери қызметке шақырылған сырттай оқу түрінің білім алушылары;
5) жоғары білім негізіндегі ұзақ шетел іс-сапардағылар үшін (4 айдан артық емес);
6) ҚОТ қолдану арқылы оқыту, қабылдау кезінде таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жасау қажетті шарты болып табылады.
3. ҚОТ бойынша оқуға түскісі келген тұлғалар ҚАУ Президентінің атына ҚОТ – сын дәлелді пайдалану үшiн қажетті негіздемесі бар құжаттарды растайтын өтінішін ұсынуы керек:
1) мамандық бойынша жұмыс істейтіндерге, жұмыс орнынан анықтама;
2) мүгедек балалар үшін психология - педагогикалық кеңес.
4. Өтініш бес жұмыс күн ішінде қаралады. ҚОТ бойынша оқуға қабылдау екі күн ішінде дайындалады.
5. Бұйрыққа қоса тіркеледі:
1) білім алушының өтініші;
2) білім алушылардың жеке оқу жоспары;
3) әрбір білім алушының оқу іс-әрекетінің жеке кестесі;
4) қашықтықтан оқыту технологиялық оқу процесінің ұсынымдары мүгедек балаларды тарту мүмкіндігі туралы психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңес арқылы оқушылардың қатысуымен қабылданады.
ҚАУ-не қабылдау туралы бұйрық шыққан екi күн аралығында оқуға түскен студенденттерді ҚОТ-ның жоспарымен және оқу процесінің күн тәртібімен таныстырады.