ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

Жоғары, жоғары білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік, бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру оқу бағдармаларын жүзеге асырушы және оқуға қабылдау білім беру ұйымдарының типтік ережелері (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 ақпандағы №110, №109, №130 және №127 қаулыларымен бекітілген 2014 ж. 04 шілдедегі №769, 2013 ж. 09 шілдедегі № 701, 2016 ж. 12 мамырдағы № 288 өзгертулерімен) және (№137 20.03.2015ж.) «Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері» туралы ҚР Үкіметінің өкімі негізінде даярланған.

Жалпы ережелер

1. Қазақ Америка университеті (бұдан әрі ҚАУ) жоғары, жоғары білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік, бастапқы кәсіби, орта кәсіби, мектепке дейінгі дайындық сыныптары (0 сынып) және 1-11 сынып оқушыларын орта жалпы білім беру мемлекеттік стандарттарына сәйкес мамандарды дайындайды.
2. Университетте күндізгі және сырттай, сонымен қатар, қашықтықтан оқыту технологиясы (бұдан әрі ҚОТ) бойынша білім беру жүзеге асырылады.
3. Білім беру мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
4. Университетке жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі барлар қабылданады. Профильдік және ғылыми-педагогикалық магистратураға (бакалаврлар, мамандар) жоғары білімі барлар қабылданады.