Бакалавриат мамандықтарына қабылдау тәртібі

1. ҚАУ-не жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) және жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар тұлғалар қабылданады.
2. ҚАУ -де келесі мамандықтар бойынша бакалаврлар дайындайды:
1. 5В050600 – Экономика
2. 5В050800 – Есеп және аудит
3. 5В050900 – Қаржы
4. 5В030100 – Юриспруденция
5. 5В020200 – Халықаралық қатынастар
6. 5В020700 – Аударма ісі
7. 5В050400 – Журналистика
8. 5В090200 – Туризм
9. 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
3. ҚАУ -не қабылдау мемлекеттік бюджеттiк қаржыландыру, мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырысты (бiлiм беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.
4. КАУ-не түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтарға (бұдан әрі - шығармашылық мамандықтар) қабылдау шығармашылық емтихандар (бұдан әрі - шығармашылық емтихандар) есебінен жүзеге асырылады.
5. Кешендi тестiлеу өткен жылдардағы жалпы орта бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерi, техникалық және кәсiптiк (бастауыш және орта кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi) бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерi, ҰБТ-ға қатыспаған, халықаралық оқушылармен алмасу желiсi бойынша шетелде оқыған жалпы бiлiм беретiн мектеп бiтiрушiлерi, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бiтiрушiлерi, сондай-ақ оқу орнын шетелде бiтiрген тұлғалар үшiн өткiзiледi.
5-1. Осы Үлгілік қағидалардың 31-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған адамдар үшін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларды қоспағанда, жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ қайта өткізіледі.
5-2. Осы Үлгілік қағидалардың 31-тармағында белгіленген шекті балды алмаған кешенді тестілеудің қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларда жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін кешенді тестілеу қайта өткізіледі.
5-3. Жоғары оқу орындары осы Үлгілік қағидалардың 4-1 және 4-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдарды ақылы негізде қабылдауы мүмкін.
Бұл адамдар үшін жоғары оқу орнында білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе кешенді тестілеу өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 31-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар осы ҰБТ немесе кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша жоғары оқу орнынан шығарылуға тиіс.»;
6. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
7. КТ жалпы бейінді және бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізімі білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бекітіледі.
8. Кәсіптік жоғары (жоғары) білімі бар азаматтарды ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды академияның Қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. 5В050400-Журналистика мамандығына түсу барысында кәсіптік жоғары білімі бар азаматтар әңгімелесуден басқа екі шығармашылық емтихан (бірінші білімі ұқсас мамандықтардан басқалары) тапсырады.
9. Шетел азаматтарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына қабылдауды ҚАУ-де дербес жүзеге асырады.
Шетел азаматтарын ақылы негізде ҚАУ-де әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.
10. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар «Білім туралы құжаттарды мойындау және нострификациялау» (31.08.12 ж. ҚР № 1119 БҚ) Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес оқуға қабылданғаннан кейін, бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.
11. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға қабылдау шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі Үлгілік қағидалармен белгіленеді.
12. Шығармашылық мамандықтарға түсетін жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.
Шығармашылық мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
12-1. Шығармашылық емтихандар талапкерлердің бойында шығармашылық қабілеттердің және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттардың болуын анықтауға бағытталған.
12-2. Талапкерлерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау ҚАУ орналасқан – Қабылдау комиссиясында (1 қабат, 110 кабинет) мекенжай бойынша 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
12-3. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша балдар ескеріледі.
12-4. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.
12-5. Шығармашылық емтихан бойынша 5-тен төмен (жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар адамдар) немесе 5-тен төмен балл алған (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар) немесе емтиханға келмеген адамдарға осы мамандыққа түсу үшін КТ-ге және мемлекеттік білім тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына қатысуға рұқсат етілмейді.
12-6. Шығармашылық емтиханды тапсырған жеріне қарамастан талапкерге жоғары оку орнына ақылы негізінде оқуға түсу үшін ведомосттын көшірмесі беріледі.
13. Кешенді тестілеу тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары) өткізіледі.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін тұлғаларды кешенді тестілеу тұлғаның таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.
14. Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші Қабылдау комиссияға белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3х4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылдың түлектері білім беру туралы құжаттың орнына өзі оқыған оқу орнының оқытудың мамандықтар атауы мен коды көрсетілген білім беру ұйымы берген ағымдағы жылдың оқуын бітіру туралы анықтамасын ұсынады.
15. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 1 маусым мен 20 маусым аралығында, осы қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге – 25 шілде мен 3 тамыз аралығында, осы қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге – 10-20 желтоқсан аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
16. Осы қағидалардың 5-тармағында көзделген кешенді тестілеу 14-18 шілде аралығында өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу 15-19 тамыз аралығында өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 4-3-тармағында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу 20-24 қаңтар аралығында өткізіледі.
17. Дұрыс жауаптар коды тестілеу нәтижелерін өңдеу аяқталғаннан кейін ілінеді.
18. Кешенді тестілеу нәтижелерін мемлекеттік комиссия тестілеу өткізілген күні жариялайды.
19. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әрбір тестілеуге қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тестілеу өткеннен кейінгі күнтізбелік үш күн ішінде береді.
20. Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер кешенді тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.
21. Білім беру гранттарын тағайындау бекітілген мемлекеттік тапсырыс шегінде талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады. Республикалық бюджет есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер шілденің 18-нен 26-не дейін, жергілікті бюджет есебінен тамыздың 05-нан -10-не дейін қабылданады.
22. Мемлекеттік білім грантын тағайындау байқауына қатысу үшін азамат корпорацияның Қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты, 3х4 көлемiндегi екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама және де жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн өткізеді.
23. Білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған ЖОО мен мамандықтарды көрсетеді. Таңдау пәндері сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.
24. Білім беру грантын алу үшін басым құқыққа ие азаматтар қабылдау комиссиясына басым құқықты растайтын құжат тапсырады.
25. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер, мүгедек балалар таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынады.
Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары (жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, I, II топ мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедек¬теріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, бала кезінен мүгедек, мүгедек балалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін) барлық мамандықтар бойынша бөлінеді.
26. Мамандыққа түсушілерге талап етілген шығармашылық емтихандарды тапсыруды қоспағанда, конкурсқа қатысу үшін тестілеу нәтижесі бойынша 50 балдан кем емес, оның ішінде Қазақстан тарихынан, математикалық сауаттылықтан, оқыту түріне байланысты оқу сауаттылығынан 5 балдан кем емес және әрбір бейінді пәндерден 5 балдан кем емес балл жинау керек.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар конкурсқа қатысу үшін мамандыққа түсушілерге талап етілген шығармашылық емтихандарды тапсыруды қоспағанда, тестілеу нәтижесі бойынша 25 балдан кем емес, оның ішінде жалпы бейінді пәндерден 5 балдан кем емес және бейінді пәндерден 5 балдан кем емес) балл жинау керек.
Шығармашылық емтихандарды тапсыруды талап ететін мамандық бойынша түсушілер конкурсқа қатысу үшін тестілеу нәтижесі мен шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша 50 балдан кем емес, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқыту тілі – оқу сауаттылығынан 5 балдан кем емес, әрбір шығармашылық емтиханнан 5 балдан кем емес (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер – 25 балдан кем емес, оның ішінде шығармашылық емтиханнан 5 балдан кем емес, бейінді пәндерден 5 балдан кем емес) балл жинау керек.
27. Білім беру грантын алу байқауы кезінде ҰБТ сертификатына немесе кешенді тестілеу балына сәйкес:
1) "Алтын белгі” белгісімен марапатталған адамдардың;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар. Халықаралық және мемлекеттік олимпиаданың пәндері, ғылыми жарыстардың, орындаушылар байқауының, спорттық жарыстардың пәндеріне сай мамандықтар тізімін Министрлік бекітеді.
Бiлiм беру грантын тағайындау туралы куәлiк азаматтарға корпорацияның Қабылдау комиссиясына тапсырылған құжаттарымен бірге 15 тамызға дейiн беріледі.
28. Иегер жергілікті бюджет есебінен білім беру грантынан бас тартқан жағдайда білім беру грантын беру туралы куәлік жойылады, білім беру гранты конкурстық негізде осы Ереженің бекітілген тәртібімен отыз күнтізбелік күн ішінде алынған уақыттан бастап тағайындалады.
29. Жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті қайтармаған жағдайда, ҚАУ-ның қабылдау комиссиясы оның жойылуы туралы мерзімін және білім беру грантынан бас тартқан тұлғаны көрсете отырып акт жасайды және жоғары оқу орнының мөрі қойылған актіні алынған уақыттан бастап отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органдарға тапсырады.
30. Қабылдау комиссиясы студенттер қатарына қабылдауды тамыз айынының 10-нан 28-і аралығында өткізеді.
Талапкерлер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
1) еңбек кітапшасын;
2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған (бар болса) қызметтік тізімді (жұмысшының жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қоса береді.
Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау үшін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын қоса береді.
31. Ақылы оқуға шығармашылық емтихандарды тапсыруды талап ететін мамандыққа түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылығы, оқу сауаттылығы – оқу тілі – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәндер кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Ақылы оқу түріне шығармашылық емтихандарды тапсыруды талап ететін мамандыққа түсушілерді қоспағанда, техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік), ортадан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдарының түлектері, жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша 25 балдан кем емес, оның ішінде жалпы бейіндік пәндер 5 балдан кем емес, бейінді пәндерден 13 баллдан кем емес) балл жинаған түлектер қабылданады.
Шығармашылық емтиханды тапсыруды талап ететін мамандық бойынша ақылы оқу түріне жалпы орта (орта жалпы) білім беру түлектері немесе техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік), ортадан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдарының түлектері ҰБТ немесе КТ өткен, тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижесінде 50 балдан кем емес, оның ішінде Қазақстан тарихы, математика, оқыту тілі – оқу сауаттылығынан 5 балдан кем емес, әрбір шығармашылық емтиханнан 5 балдан кем емес (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер – 25 балдан кем емес, оның ішінде шығармашылық емтиханнан 5 балдан кем емес, бейінді пәндерден 5 балдан кем емес) балл жинаған түлектер қабылданады.
32. ҰБТ қорытындысы бойынша және кешенді тестілеуден жоғары балл алған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан талапкерлерге, корпорация «Scholarships» білім беру грантына байқау жүргізеді.
«Scholarships» грантының иелері, бiрiншi емтихан сессиясының нәтижесi бойынша тек қана «өте жақсы» болатын бағалар, «Scholarships» академияның арнайы стипендиясының беруі туралы ережелерге сәйкес грант бойынша оқуды жалғастырады. Басқа жағдайда, оқушы өз оқуына толық көлемде төлем ақысын төлейді бiрiншi курстың бiрiншi семестрiнен.