Қазақ Америка университеті бұданәрі ҚАУ магистратурасына жоғары білімі бар және ғылыми жұмысқа бейім ҚРның азаматтары шетел азаматтарымен азаматтығы жоқ тұлғалар төмендегі мамандықтар бойынша қабылданады
6М050600 – Экономика
6М050700 – Менеджмент
6М050700 – Менеджмент (МВА)
 
2. ҚАУ магистратурасы тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының азаматтары әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекет оларға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде осы деңгейдегі білімді тегін алу құқығын береді.
Егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, олар осы деңгейдегі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
Магистратурадашетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
6. Үміткердің өтінішін қабылдау кезінде қайта пәндерді меңгеру үшін пререквизиттік пәндер тізімі анықталады. Үміткер пререквизитті ақылы түрде меңгеріп рұқсат алғаннан кейін одан емтихан тапсырады (рейтинг бойынша оң бағасы, ≥50). Пререквизиттың әр пәні бойынша қорытынды баға есептелінеді.

 

7. Үміткер пререквизит пәндерін меңгеру үшін Тіркеуші Офисында (бұдан әрі - ТО) ҚАУ Президентінің атына өтініш жазып және ақылы түрде пререквизит пәндерін меңгеруге келісім шарт толтырады. Өтініш келсім шарт көшірмесімен және төленген квитанциясымен жеке іс-қағазда тігіледі. Келісім шарттың түпнұсқасы белгіленген тәртіппен ҚЭБ-ге беріледі.
8. 01 шілде мен 10 тамыз аралығында үміткерлер өтініштері негізінде пререквизиттер пәндері оқылуын ТО оқу кестесін және емтихан өткізу кестесін құрайды.
9. Емтихан нәтижелері бойынша ТО үміткерлерге «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін пререквизит пәндерін оқып меңгергені туралы Куәлік» береді.
10. Меңгерілген пәндердің пререквизиттерінен кейін және сол бойынша алынған қорытынды бағасымен үміткерге мемелекеттік білім беру тапсырысы бойынша ортақ түрде, конкурсқа қатысуға рұқсат беріледі, сонымен қатар пән бойынша пререквизиттың қорытынды бағасы ескеріліп алдыңғы білім деңгейінің орта ұпайымен есептелінеді.
11. Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
12. ЖОО-да құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның басшысы болып табылады.12-1. Шетелдік білім беру ұйымдарында білім туралы құжаттарды алған адамдар Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының магистратурасына, резидентурасына және докторантурасына түсу үшін алған білім деңгейлеріне және даярлау бейініне сәйкес білімдері туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рәсімінен өтулері қажет.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес танылады.
13. Магистратураға түсуші адамдар – университетке мынадай құжаттарды тапсырады:
1) ұйым басшысының атына өтініш;
2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
3) осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
5) 3×4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
7) жеке куәлігінің көшірмесі;
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
14. Магистратураға түсуші адамдар түсу емтихандарын:
1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білу талап етілетін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);
2) мамандық бойынша тапсырады.
5МынадайемтихандарбойыншаағылшынтілікеміндебаллшектібаллкеміндешектібаллкеміндебаллшектібаллкемінденемістіліьСдеңгейіСдеңгейіфранцузтіліоқужәнетындалымсекцияларыбойыншадеңгейдентөменемесеВдеңгейіеСдеңгейіТкеміндебаллбойыншаШеттілінмеңгерудіңжалпыеуропалыққұзыреттерінестандарттарынасәйкесшеттілінмеңгергенінрастайтынхалықаралықсертификаттарыбарадамдармагистратурағарезидентурағажәнедокторантурағашеттілібойыншатүсуемтиханынанбосатыладыМагистратурағатүсуемтихандарынөткізукезіндеуниверситеттемамандықтарбойыншаемтиханкомиссияларықұрыладыМамандықбойыншаемтиханкомиссиясытиістімамандықтарбойыншағылымидәрежесібарЖООменғылымиұйымдарқызметкерлеріненқалыптастырыладыМамандықбойыншаемтиханкомиссиясыныңқұрамытөрағажәнеүшмүшедентұрадыоныңекеуіғылымдокторыболуыкерекМамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі..
18. Мамандық бойынша емтихан өткізу кезенде базалық ЖОО-ға бақылаушы ретінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері жіберіледі.
19. ЖОО мен ғылыми ұйымдар емтихандарды өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға мамандықтар бойынша түсу емтихандарын өткізудің кестесін жібереді.
20. Шет тілі бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.
21. Шет тілі бойынша түсу емтихандары білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін базалық ЖОО-ларда өткізіледі.
22. Түсу емтихандарын тапсырған жылы оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
23. Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және әрбір ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
24. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.
Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
25. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші адам апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
26. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
28. Магистранттарр қатарына қабылдауды университетт қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
29. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша мынадай ең жоғары балл жинаған адамдар қабылданады:
1) ғылыми-педагогикалық магистратураға, докторантураға – кемінде 150 балл;
2) бейінді магистратураға және резидентураға – кемінде 130 балл, оның ішінде шет тілінен – кемінде 30 балл.
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар адамдарға бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша ең жоғары балл қосылады.           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.