Оқудың құнына келесі қызмет түрлері кіреді (барлық оқу деңгейлерінде): ҚАУ қарамағындағы емханада профилактикалық медициналық көмек, тәжірибе мен мансап орталығының қызметі, оқу барысында Интернетті қолдану, мәдени-білім беру және спорттық іс-шаралар, көлік тасымалы.
Осы қызмет түрлерінен бас тартқанда немесе қолдану мүмкін болмағанда, олардың ақшалай эквиваленті қайтарылмайды, оқудың құны төмендетілмейді.

 

 

 

 

Шегерімдер және жеңілдіктер *
№ п/п Атауы Шегерім/жеңілдіктің Ескерте
оқудың жылдық ақысына қатысты мөлшері
1 Бакалавриаттың/магистратураның,  Колледждің студенттері үшін –    
төлем мерзіміне дейін жартыжылдық оқу ақысы алдын ала төленген кезде 5%
төлем мерзіміне дейін жылдық оқу ақысы алдын ала төленген кезде 10%
2 Бір отбасыдан 2 бала үшін оқу ақысын төлеу кезінде, бір отбасыға қатысын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда:    Студенттердің біреуі сырттай оқу түрінде оқыған жағдайда ең үлкен жеңілдік сырттай оқып жатқан студентке беріледі
оқып жатқан бала үшін  15%
жаңадан оқуға түскен екінші бала үшін  10%
Бір отбасыдан 3 және одан астам бала үшін оқу ақысын төлеу кезінде, бір отбасыға қатысын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда:   
оқып жатқан бала үшін  20%
жаңадан оқуға түскен екінші бала үшін  15%
жаңадан оқуға түскен үшінші бала үшін  10%
3 Бір отбасының 2 мүшесі (ерлі-зайыптылар) үшін оқу ақысын төлеу кезінде, бір отбасыға қатысын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда:    ерлі-зайыптылардың біреуі сырттай оқу түрінде оқыған жағдайда ең үлкен жеңілдік сырттай оқып жатқан студентке беріледі
оқып жатқан жұбайы (зайыбы) үшін;  10%
жаңадан оқуға түскен ерлі-зайыпты үшін.  5%
4 Оқу ақысын төлеуге жағдайы жоқ аса дарынды талапкерлер академияның/университеттің «Scholarships» гранттарына үміттене алады. 25%-тен 100%-ға дейін бірінші емтихандық сессияда үздік үлгерімін растаған жағдайда («Scholarships» арнайы стипендия туралы Ережеге сәйкес)
5 ХБК, ҚАУ жұмыскерлері мен студенттері үшін кәсіби ҚазБСҚА мектебінде есептегіш техника операторлары немесе AutoCAD, 3DMAX және басқа бағдарламалық өнімдерді пайдалану курстарында оқыған кезде 30%  
6 ХБК, ҚАУ студенттері үшін:    
үйірмелер мен спорт секцияларында топтық сабақтар (таңдау бойынша 1); компьютерлік залды пайдалну, кітаханадағы Интернет тегін  
7 Республикалық мектеп олимпиада жеңімпаздары үшін (1, 2, 3 жүлделі орындар) бірінші оқу жылына: 10%  
8 ҚАУ жанындағы АКС, ҚАУ жанындағы мектептің, ҚазБСҚА колледжінің түлектеріне оқу кезеңі бойы үздіксіз білім алған жағдайда Бакалавриатқа түсу кезінде (бакалавриат түлектеріне Магистратураға түсу кезінде): 10%  
* Егер студент (талапкер), ХБК, ҚАУ жұмыскері аталған тармақтар бойынша бірнеше жеңілдікке үміттенсе, оған ұсынылған жеңілдік мөлшерінің мүмкін болатын ең үлкен мөлшері белгіленеді.

  

1.     Жеңілдік алу үшін қажетті құжаттар: ата-анасының өтініші, балалардың туу куәліктерінің көшірмелері, ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмелері, некелесу туралы куәліктің көшірмесі.

2.     Оқу үшін жеңілдік ата-анасы өтініш бергеннен бастап қарастырылады және ұсынылады.

3.     Егер студент (талапкер) жоғарыда аталған бірнеше позиция бойынша жеңілдіктерге үміттенсе, оған ұсынылған жеңілдіктердің ең үлкен көлемін беруге күш салынады.

4.     Қорытынды мемлекеттік аттестациядан өту арқылы дипломдық жобалауға қатысуға қайтадан оқуға қабылданатын бакалавриат пен магистратура студенттері үшін келесі төлем нысандары орнатылған – ағымдағы оқу жылының тарифтеріне сәйкес семестрдің жартысы (жарты жыл) үшін жарты төлем.