Қазақ-Америка университетінің Тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңіндегі халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орны ретіндегі қалыптасуы

       Қазақ-Америка университеті өзінің қалыптасу және даму кезеңін өз Отанымен бірге бастан өткізуде. 2016 жыл Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған күннен 25-жыл өткенін салтанатты түрде атап өтумен есте қалды. 2017 жылы Қазақ-Америка университеті 20 жылдығын атап өтпек. Университеттің өмірі Қазақстан Республикасының қарқынды дамуының барлық бағытымен тығыз байланысты.

Әрбір оқу орны білім беретін ортаның ішкі және сыртқы жағдайын және ресурстарын ескеріп, өзіне тән айрықша ерекшеліктеріне сүйене отырып, өзінің келбеті мен қызмет стилін қалыптастырады, білім беру саласында өз орнын басуға тырысады.
Американдық және қазақстандық жоғары оқу орындарының бағдарламаларының синтезі негізінде жоғары оқу орнын құру туралы ой Әмірлан Айдарбекұлы Құсайыновқа-Қазақ-Америка университетінің негізін қалаушысы және Президентіне тиесілі.
Жыл сайын Қазақ-Америка университеті мамандарды даярлауда және оқытудың сапалы жоғары деңгейіне жету мақсатында қазіргі талаптарға жауап беретін оқу үрдісінің мазмұнына, жоғары оқу орнының құрылымына инновациялық сипаттағы жаңалықтарды енгізуде.
ҚАУ жүйелік, технологиялық, басқару  және әлеуметтік бағдарламаларды белсенді енгізуде. 1997 жылдан бастап университет ҚР-ның жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып студенттердің оқытуының бөлу процесін; олардың білімдерін бақылауды (бағалауды); дайындықтың көпбалдық әріптік деңгейінің жүйесін; еңбекақының инновациялық төлеу жүйесін; Hand-outs (активті үлестірмелі материал); оқытудағы үштілділік тұжырымдамасын; тілдерді білуді кешенді бағалаудың жан-жақты критерийлерін; үштілділік глоссарийді; дипломных жобаларды (жұмыстарды) ағылшын тілінде қорғауды енгізді.
Жас университет американдық серіктестерінің тәжірибесін басшылыққа ала отырып, 2000 жылдардың басында ұйымдастырушылық құрылымға Қамқоршылар Кеңесін, мамандықтар бойынша Тапсырушылар кеңесін және сараптамалық комиссиясын, эдукология зертханасын, түлектердің Ассоциациясын енгізіп, құрды.
ҚАУ жоғары оқу орындары арасында бірінші болып 2000 жылдары ата-ана үшін студенттің тәртібі және үлгерімі бойынша «comments»-деп аталатын ай сайынғы есептерді енгізді. Сол жылдары әр оқытушының оқыту сапасы туралы «feedback» атты студенттердің сауалнамасын жүргізе бастады. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін сақталған.
Қазақ-Америка университетінің тәжірибесі 2005 жылы ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген кредиттік оқыту жүйесінің Ережесін құрастырғанда ескерілген.
Жыл сайын ҚАУ өз қаражатынан 200 ден астам  «Scholarships» стипендиясын жағдайы нашар отбасынан шыққан дарынды студенттерге тағайындайды.
Университет құрамына 1998 жылдан бастап мектеп, ал 1999 жылдан Алматы байланыс колледжі кіреді. ( ҚАУ жанындағы АБҚ).
2003 жылдың ақпан айында ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Матсуура ҚАУ жанындағы мектепті ЮНЕСКО құрамындағы мектептер қатарына қабылдайтынын растайтын сертификат табыстады.  Білім беру «0»-сыныптан 6-шы сыныпқа дейін қазақ және орыс тілдерінде, ал 7 мен 11-ші сыныптар үш категория бойынша ағылшын тілінде өтетін пәндердің сандарымен ерекшеленеді және жаратылыстану-техникалық, экономикалық және гуманитарлық үш бағыт бойынша жүргізіледі. Республикадағы 7900 мектеп арасында 21 мектеп қана ЮНЕСКО ассоциацияландырылған мектептер тізіміне енген.
ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжі 86 жыл ішінде 30 мыңнан астам маманды тәрбиелеп, өз қабырғасынан жоғарғы деңгейлі байланысшылар шығатын оқу орны ретінде таныта білді. Тәжірибе шеңберінде ҚАУ жанындағы байланыс колледжі біріншілердің қатарында болып білім беру жүйесіне оқытудың кредиттік технологиясын енгізуге рұқсат алды. Жұмыстың нәтижесі ретінде ұжым өз тәжірибесімен  «ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжіне оқытудың кредиттік білім беру жүйесін енгізудің тәжірибесі» атты жинағында бөлісті.  Қазіргі таңда колледж директоры мен оқытушылар тәжірибелерімен бүкіл республикамен, Білім және ғылым министрлігі және ҚР-ның білім басқармасымен ұйымдастырылған жиналыстарда, біліктілігін арттыратын курстарда бөліседі.
Халықаралық білім беру жүйесі сарапшыларының талаптарына жауап ретінде ҚАУ Американдық  «Orion Registrarinc» компаниясында ИСО 9001:2000 стандартына сай халықаралық менеджменттік сапа сертификациясынан өтті.
2015 жылдың наурыз айында ҚАУ Білім берудегі сапаны қамсыздандыру жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық Агенттікте мамандандырылған және институционалдық аккредетациядан өтті.
ҚАУ-да көптілділіктің міндеттерін іске асыруға бағытталған жоғары білімді және оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандардың тілдік дайындықтарының сапасын арттыру, сонымен қатар сыртқы академиялық ұтқырлықты кеңейтуде жүйелі жұмыс атқарылуда. 19 жыл көлемінде ҚАУ-да пәндер барлық мамандықтар бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Бұл жұмыстың нәтижелерімен университет оқытушылары конференцияларда, семинарларда бөліседі.
ҚазБСҚА және ҚАУ тілдік пәндер оқытушылары академик Ә.А. Құсайыновтың жетекшілігімен тілдер бойынша (қазақ, орыс, ағылшын) Лингвокешен дайындап, тұсауын кесті. Бұл оқу құралының ерекшелігі функционалдық-прагматикалық бағытымен және коммуникативтік қажеттілігімен анықталады.
ҚАУ Болон декларациясына сәйкес  АҚШ, Италия, Испания, Канада, Корея, Түркия, Малайзия университеттерімен магистранттардың және бакалаврлардың дайындығы бойынша қос дипломдық халықаралық білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. ҚАУ-да «А» категория бойынша үш жыл білім алған студентке төртінші оқу жылы шетелдік оқу орнында оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Оқу жылын аяқтап, серіктес жоғары оқу орнының дипломын алып, студент ҚАУ-дағы пәндер бойынша айырмашылығын тапсырып, қазақстандық стандартқа сай бакалавр дәрежесін және мемлекеттік үлгідегі диплом ала алады.
ҚАУ-дың қызметі ҚР-ндағы жұмыс істейтін түрлі шетел ұйымдарды қызықтырады.  Бүгінгі күнде университеттің (IREX, ACCELS, USIS, British Council) халықаралық ұйымдарымен, шетелдік университеттермен, колледждермен, мектептермен тұрақты қатынастар орнатылған.
Соңғы 5 жыл ішінде ҚАУ Американдық колледждер мен университеттер қауымдастығына (AAC&U) қабылданған ТМД-ның жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Қазіргі таңда бұл Қауымдастықтың құрамына 1100 білім беру ұйымдары, колледждер және университеттер (American University, Eastern Connecticut State University, George Mason University, Ber­keley College, Harvard University и т.д.) кіреді. ҚАУ-дың Американдық серіктес жоғары оқу орындары арасында ең жасына 127 жыл екенін, ал Коннектикуттік Университеттің студенттерінің контингенті 70 мыңды құрайтынын ескерсек, 20 жылдық тарихында ҚАУ-дың халықаралық деңгейге шығуы қуантарлық жағдай болып табылады.
Жоғары оқу орнының Миссиясы негізінде халықаралық еңбек нарығында бітірушілердің бәсекелестігін және әлемдік білім беру кеңістігіне табысты кіру үшін ҚАУ американдық стандарттарды енгізуді белсенді қолдануда.    Жұмыс бағдарламаларына Test of Englishas Foreign Language, АҚШ экономикасы, Халықаралық қаржы менеджменті, Американдық үкімет және саясат атты пәндер енгізіліп, белсенді оқытылады.
Университеттің түлектеріне өндіріс, саясат, ғылымның көрнекті қайраткерлерінен дипломдарды табыстау дәстүрлі болып табылады. Олардың қатарында: А.С. Кулибаев-ҚАУ-дың Қамқоршылар Кеңесінің құрметті төрағасы, халықаралық және ҚР-ның инженерлік академиясының академигі; Ж.Қалиұлы-ҚАУ-дың Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР-ндағы БҰҰ-ның Қауымдастығының төрағасы; М.Ж.Журинов-Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның ҰҒА президенті, электрохимия және катализ институтының директоры, ҚР-ның ҰҒА академигі , химия ғылымдарының докторы, профессор; Н.К.Надиров-ҚР-ның ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, ҚР-ның ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР-ның ғылымының құрметті қызметкері, ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Г.Е.Касымов-ҚАУ-дың Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Парламент Сенатының депутаты, Қазақстанның патриоттарпартиясының төрағасы және тб.
ҚАУ Халықаралық білім беру корпорациясының құрамында республиканың беделді агенттіктерінің рейтингіне сай лайықты орын алуда. Университеттің рейтингі жылдан-жылға өсуде. 2016 жылы Қазақстанның көп бейінді жоғары оқу орындарының бас рейтингінде жоғары оқу орны 15 орын алды.  ҚАУ-дың бакалавриат мамандықтары бойынша БСҚТҚА  рейтингінде «Радиотехника,  электроника және телекоммуникациялар» мамандығы-7орын және «Халықаралық қатынастар» мамандығы-8орынды иеленді.
Университеттің жеке меншік ғимараты, компьютерлік және зертханалық-техникалық базасы, жоғары білікті педагогикалық әлеуеті, заманға сай жоспарлары , халықаралық серіктестік бағдарламалары бар. Бес басты халықаралық талаптарға сай келетін Қазақ-Америка университеті  Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан, білім беру жүйесінде өзінің лайықты орнын тапқан бірегей білім ошақтарының бірі.