Қамқоршылар кеңесі

ҚАУ ҚАМҚОРШЫЛАРЫНЫҢ КЕҢЕСІ – ҚАЗАҚ – АМЕРИКАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ЕҢ ҮЗДІКТЕРІНІҢ БІРІ МӘРТЕБЕСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТУШІ ТИІМДІ ОРГАН. 

Қоғаммен белсенді ынтымақтастық, қаржылық қолдауды қамтамасыз ету, ҚАУ материалдық – техникалық базасын нығайту мақсатында, ҚАУ ректоратының жанынан ҚАУ Қамқоршылар Кеңесі құрылды.
ҚАУ Қамқоршылар Кеңесінің құрылуы және жұмысқа кірісуі ҚР 27 шілде 2007 ж. «Білім туралы» Заңының шеңберінде және Ғылым және білім министрінің 22 қазан 2007 ж. Қамқоршылар кеңесінің қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы бұйрығымен жүзеге асырылған.  

Қамқоршылар кеңесі заңды және жеке тұлғалардың ерікті бірлестігі болып табылады және ҚАУ шаруашылық және білім беру қызметінің қолдау және жәрдемдесуінің алқалық кеңес органы болып табылады. Өзінің қызметінде Қамқоршылар Кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларын, ҚАУ Жарғысын, ҚАУ Қамқоршылар КЕңесі туралы Ережені, билік органдарының басқа нормативті құқықтық органдарын басшылыққа алады. Қамқоршылар Кеңесі жергілікті билік органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен. Мекемелермен, ұйымдармен, бейінді кәсіпорындармен ынтымақтастықтың тиімдірек болуына ықпал етеді.    

 Қамқоршылар Кеңесінің негізгі мақсаттарын атап өту маңызды: 

Қазақстан Республикасының мүддесіне орай, ҚАУ студенттері мен жұмысшыларының зияткерлік әлеуетін тиімді пайдалану, оған қажетті материалдық және ұйымдастырушылық көмек көрсету жолымен, ҚАУ ары қарай дамуына ықпал жасау.  

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін, келесі негізгі міндеттер қойылады: 

ҚАУ – да білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; ҚАУ – дың даму әдістері мен стратегиясын анықтау; 

 ҚАУ – ға әлемдік білім беру жүйесіне кіруіне ықпал ету; жаңа технологияларды әзірлеудің басым бағыттары мен іргелі ғылымның бірінші кезекте қолдауы;     

Ерекше қабілеттер көрсеткен азаматтарға элиталық жоғары білім беруге көмектесу; 

ҚАУ студенттері мен профессорлық – оқытушылық құрамға олардың зияткерлік және мәдени дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оңтайлы жағдайлар жасау;  

ҚАУ инновациялық даму бағдарламаларын құру; 

ҚАУ оқу – ғылыми және материалдық – техникалық базасын дамытуға ықпал ету; 

 ҚАУ демеушілік қолдауын жүзеге асыруға арналған жеке Қорын құру; 

 Дарынды студенттерді, с.қ. жетімдерді, тұрмысы төмен отбасылардың балаларды әлеуметтік қорғау үшін, Қамқоршылар Кеңесінің арнайы стипендиялық қорын бекіту;  

ҚАУ Бітірушілер Қауымдастығының (БҚ) қызметін қолдау;

ҚАУ қажеттіліктеріне заңды және жеке тұлғалардың ерікті қайырымдылықтары мен мақсатты жарналарын пайдалануды және білім беру үрдісінің қатысушыларының құқықтарының сақталуын қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. 

Қамқоршылар Кеңесі туралы Ережеге сәйкес, оның құрамына мемлекеттік мекемелердің, басқару органдарының өкілдері, жергілікті атқарушы және өкілдік етуші органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ата – аналар, қаржылық, құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа көмек көрсететін, бітірушілер қауымдастығының, инвестор – ұйымдардың және мекемелердің өкілдері кіре алады.  

 

Қамқоршылар Кеңесінің отырыстары жылына екі рет, көктемде және күзде өткізілетін болады.

Органның университетке ықпал етуінің алға қойған міндеттері мен мақсаттары білім сапасын тұрақты арттыру, оның әлемдік стандарттарға сәйкес болуы ҚАУ – ға қызметтердің ішкі нарығы үшін бәсекеге қабілетті кадрларды шығарып қана қоймай, сонымен қатар біздің бітірушілерге халықаралық деңгейді жемісті игеруге мүмкіндік береді.    

Жалпы, Қамқоршылар Кеңесі, ҚАУ – дың білім беру жүйесінің қызметін басқару органы бола отырып, Қазақстан азаматтарының, ең біріншіден, біздің мемлекетіміздің жастарының сапалы білім алуға деген конституциялық құқығын үздік қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс.    
 

Фотогалерея:ҚАУ қамқоршылар кеңесінің отырысы


 

 

 

 

 

ҚАУ Қамқоршылар мүшелерінің кезекті кеңес отырысы

ҚАУ Қамқоршылар мүшелерінің кезекті кеңес отырысы
6 сәуір 2017 жылы сағат 17:00 "Мирас" Салтанат Сарайында Қамқоршылар Кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібінде:
1. Соңғы 5 жылдағы ҚАУ жетістіктері туралы есеп. ҚАУ 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары.
2. Қамқоршылар Кеңесінің мүшелерінің құрамын жаңарту.
3. «Queen of University» сұлулық байқауы.
 

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031