Өмірбаян

1957 жылы 25 қыркүйек күні Алматы қаласында ғалымдар жанұясында дүниеге келді.
1979 жылы МИҚИ ӨАҚ (Мәскеу) факультетін бітірді. Инженер-құрылысшы.
1983 жылы кандидаттық, ал 1994 жылы ЦНИИСК (Мәскеу) қабырғасында докторлық диссертацияны қорғады..
Қызмет жолы 1983 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтында (АСҚИ) аға ғылыми қызметкер, «Құрылыстық механика» кафедрасының ассистенті, одан кейін доценті ретінде басталды.
1994 ж. кафедра меңгерушісі болды, 1997 ж. проректор, 2000 ж. –Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының (ҚазМСҚА) ректоры болды.  2002 ж. – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) президенті болды.  
ҚазБСҚА-да көпдеңгейлі білім беру жүйесі енгізілген: лицей – кәсіптік мектеп – колледж – бакалавриат – магистратура – үздіксіз оқу институты.
ҚазБСҚА – республикада бірінші болып кредиттік жүйені ендірген ЖОО.
Жетекші кәсіпорындарда 50 жуық бөлімшелер ашылды.
ISO 9000:2001 сапа менеджменті сертификаты алынды. 2007 жылы «Сәулет» мамандығы Барселонадағы ЮНЕСКО-МСА аккредиттеу кеңесімен аккредиттелді.
1987-88жылдарда Беркли қаласында Калифорния Университетінде (АҚШ) машықтанудан өтті. 1991 жылы Киото университетінде (Жапония) машықтанудан өтті, ал 1992 жылы – Дзилинь университетінде (Қытай) ғылыми машықтанудан өтті.
1995-97 жылдарда  Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісінің орынбасары лауазымында Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінде жұмыс жасады. 43 нормативті-заң құжаттарды баспаға шығарылды. Қазақстанда жоғары білімді реформалауға бағытталған жаңа бағыттардың авторларының бірі: ЖОО ірілендіру, кредиттік білім беру жүйесі, кредиттік қаржыландырудың жаңа механизмі, Еуразиялық университеттің концепциясы, американдық және еуропалық білім бағдарламаларын ендіру.
1994-98 жж. - ЮНЕСКО сарапшысы, Еуропалық білім беру қорындағы топтың жетекшісі. Халықаралық білім беру жүйесін меңгеру мақсатында 1987 жылы 16 елдегі (АҚШ, Англия, Франция, Германия, Италия, Бельгия, Түркия, Жапония, Қытай, БАӘ және т.б.) 40 университетке барып көрді.  
1997ж. АҚШ пен Еуропаның 10 университеттерімен оқуды жалғастыру туралы (Артикуляция) туралы келісімдері бар Қазақ-Американ университетінің құрылтайшысы және президенті. ҚАУ – көпдеңгейлі білім беру кешені (бала бақша - мектеп - колледж - бакалавриат - магистратура), Американ колледждер мен университеттердің ассоциациясына қабылданған бірыңғай университет. ҚАУ мектептері – ЮНЕСКО мектептерінің ассоциативті мүшесі.
«Сәулет», «Құрылыс механикасы», «Құрылыстық бөлшектер» мамандықтарының диссертациялық кеңестерінің төрағасы.
130 астам ғылыми-әдістемелік және саяси-қоғамдық жарияланымдардың, монографиялардың және оқулықтардың авторы.
Техникалық ғылымдарының докторы, профессор,  Американ инженер-құрылысшылар қоғамының мүшесі, Халықаралық және ұлттық инженерлік академияларының академигі, Халықаралық Жоғары ғылым мектебі академиясының академигі, Халықаралық топырақ механикасы бойынша ассоциациясының мүшесі, Ресей сәулет және құрылыс ғылымдарының шетелдік академигі.
Қазақстан Республикасының 10 жылдың Тәуелсіздігіне орай белгімен марапатталған, «Қазақстанның темір жолдарына 100 жыл» белгісімен марапатталған, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағына ие, Қазақстанның сәулетшілер одағының алтын медалімен марапатталған, «ҚР Ұлттық инженерлік академисиясына 15 жыл» медалі бар, А.Байтұрсынов атынлағы метальмен марапатталған.

Ағылшын тілін жетік меңгерген.