Практика, мансап және қоғаммен байланыс орталығы

«Практика, мансап және қоғаммен байланыс орталығы» студенттерге университетті тәмамдағаннан кейін және оқу барысында өз мамандығы бойынша тәжірибелік дағдылар алуға көмек көрсету мақсатымен құрылған.   

ПМжҚБО ҚАУ беделін арттыруға бағытталған қызметті жүзеге асырады, үнемі ықтимал жұмыс берушілердің шеңберін арттырады. 

Өзінің мақсаттарына жету үшін, ПМжҚБО жарнамалық – ақпараттық кампанияларды (хабарландырулар, эдвайзерлермен жиналыстар, студенттермен жиналыстар және т.б.) өткізеді, еңбекпен қамтылуға үміткерлер мен компаниялар бойынша деректер базасын құрады, олармен әңгімелеседі, ашық жұмыс орындары туралы хабарландырулар құрайды және береді.   

Сонымен қатар, жыл сайынғы «Түлектер жәрмеңкесі» және компаниялар презентациялары өткізіледі, оған шетелдік және жергілікті компаниялар, бірлескен кәсіпорындар, сонымен қатар, мемлекеттік ұйымдар шақырылады.  

Қазақстанда ТМжҚБО ұзақ уақыт бойына ынтымақтастық жасасып келе жатқан, Ка­зИн­вест­Банк, Банк Центр Кре­дит, Stu­dy Inn, БТА банк,   Pri­cewa­ter­ho­use Co­opers, De­lo­it­te, KPMG аудиторлық компаниялары, мемлекеттік кәсіпорындар Қазақ­те­леком, Қаз­Пошта және Қазақстанның басқа да үздік компаниялары сияқты, шетелдік компаниялар, бірлескен кәсіпорындары және банктер аз емес.

Келешегі зор ұйымдар олар келешекте сене алатын студентті, ол оқуын аяқтағанша таңдап алуға мүдделі. 

Міндеттердің маңыздыларының бірі болып студенттерге арналған бизнес – семинарларлы ұйымдастыру табылады: түйіндеме және жолдама хат құру;әңгімелесу тех­ни­касы — өзін жақсы жағынан көрсете білуі; биз­нес-эти­кет; іс жүргізу(3 тілде).

«Тәжірибе, мансап және қоғаммен байланыс орталығы» студенттерді келесі бағыттар бойынша еңбекпен қамтумен айналысады: каникул кезінде толық еңбек күніне еңбекпен қамту; жарты күнге еңбекпен қамту; университетті тәмамдағаннан кейін студенттерді еңбекпен қамту (Қазақстанда және шетелде).

Сонымен қатар, каникул кезінде, ҚАУ және ҚАУ жанындағы мектептің көптеген студенттері фирмаларды және жеке тұлғаларда, аудармашы, менеджер көмекшісі, көмекші және т.б. ретінде, тәжірибеден, сынақтан өту мүмкіндігіне ие. Осының барлығы, жас буынға болашақта жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, пайдалы дағдылар алуға көмектеседі.   

ҚАУ түлектері Қазақстанның үздік компанияларына еңбекке орналастырылған және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, бизнесте, халықаралық ұйымдарда жоғары және орта буын менеджерлерінің деңгейінде биік орындарды алып отыр. 

 

ПМжҚБО үйлестірушісі

Тел: +7 (727) 226 81 11

E-mail: cpc.pr@kau.kz