Клубта студенттер бір-бірімен сөйлесіп, тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Әр-түрлі заманауи өзекті мәселерді талқылайды. Бұл ағылшын тілін барлық бағыттарда дамытуға көмектеседі. Студенттер кез келген тақырыпта диалог жүргізе алады, ағылшын тілінде жеңіл әрі оңай сөйлей алады. Кездесулерді белгілі уақыттарда шет ел азаматтары жүргізеді, бұл студенттерге ағылшын тілінде қатесіз сөйлеуіне септігін тигізеді.
Одан бөлек студенттер жаңа ақпараттарды бойына сіңіреді және тілін дамытады. “English Language Club” атмосферасы өте жайлы, үйдегіге ұқсас. Кофе іше отырып, сонымен қатар өзіңіздің «тілдік кедергіні» жеңіп, жаңа адамдармен таныса аласыз.
Бізге келіп сөйлесіңіздер, тілдің табиғаты ол – пікір алысу!