Сырттай оқу бөлімінің оқу жоспарлары күндізгі оқу бөлімінің жоспарларына сәйкес жасалған. Осыған қарамастан тікелей оқытушымен қарым-қатынаста оқылатын кредит мөлшері күндізгі бөліммен салыстырғанда 30 пайыздан төмен емес. Қалғандарын студенттер дистанциондық түрде оқиды.
Аудиториялық сабаққа енбеген оқу материалдарын, сырттай оқу бөлімінің студенттері өзіндік жұмыс жасап, электрондық оқулықтарды пайдаланып, дистанциондық түрде дәріс алады.
Жоғарғы және орта-кәсіптік білім алудың сырттай оқу жүйесінің студентері жылына бір рет оқу емтихандарын тапсырады.
Сырттай оқу бөлімі студенттерінің лабараториялық жұмыстарды орындау мен емтихан тапсыру мерзімі келесідей қабылданады:
Жоғарғы білім алушыларға жылына 30 күн
Орта кәсіптік білім алушыларына 20 күннен төмен емес
Мемлекеттік емтихан тапсыру мерзімі (жоғарғы және орта білім деңгейлеріне) жылына 30 күн (әдетте оқу процессінің жоспарына сәйке сессия кезінде тапсырылады)
Барлық оқу формаларына қатысты диплом жұмыстарын дайындау мен қорғау мерзімі 7 апта (колледж оқушыларына 2 ай).
050043, Казахстан Республикасы
Алматы қ., Торайгырова к-сі, 29
Тел.: +7 (727) 226–80–00,
Факс: +7 (727) 226–77–99
е-mail: