1. ҚАУ жанындағы мектепке ҚР-ның заңнамасымен бекітілген Қазақстан азаматтары және шетел азаматтары қабылданады.
Мектепке қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады.
Айлық оқу ақысы 0–6 сыныптары үшін – 75 000 (жетпіс бес мың) теңгені, 9 және 11 сынып студенттері маусым айында мемлекеттік емтихан мен БҰТ тапсыруына байланысты төлем ақыны10 айға бірақ төлейді.
Шетел азаматтары оқу ақысын алдын-ала қарастырылған тариф бойынша +50% үстемемен төлейді.
2. Мектепке қабылдау төмендегі ережелер бойынша жүзеге асырылады
0–1 сыныптарға психологпен әңгімелесу нәтижесі бойынша;
2–11 сыныптарға 4 пәннен тестілеу нәтижесі бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және математикадан);
7–11 сыныпқа қабылданатын студенттер таңдалған бейінге сәйкес қосымша бейінді пәндері бойынша тапсырады:
— гуманитарлық – Қазақстан тарихы;
— экономикалық – география;
— жаратылыс-техникалық – химия, биология.
Егер тестілеу нәтижесі бойынша, студент С бағасын бірнеше пәннен алса, тестіні қайталап тапсыру ұсынылады.
Оқуға қабылданған студенттер келесі құжаттарды тапсыру қажет: ата-анасының өтініші (арнайы бланкіде), студенттердің анкетасы (ата-анасымен толтырылады), Enrollment (тест нәтижелерінің бланкісі), студенттің суреті (4 дана), туу туралы куәлігінің немесе жеке бас куәлігінің көшірмесі (төл құжатының), жеке медициналық карта, тұрғылықты жерінен анықтама (үй кітапшасының көшірмесі), ата-анасының біреуінің жұмыс орнынан анықтама, өткен оқу-жылының табельдері, негізгі мектеп бітіргені туралы куәлігінің көшірмесі (9 сынып студенттері үшін), алдыңғы мектептен шығу талоны.
3. Орта мектепті бітірген түлектерге мемлекеттік үлгідегі құжаттармен қатар ағылшын тілі және компьютерлік сауатталық дағдыларын оқығаны туралы сертификаттар беріледі.
4. Мектепте бір отбасынан шыққан студенттерге (біріншісіне — 10%; екіншісіне — 15% және т. б.) жанұялық жеңілдіктер қарастырылған.
Жеңілдіктер үшін қажетті құжаттар: ата-анасының өтініші, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі, үй кітапшасының көшірмесі, ата-анасының жеке бас куәліктерінің көшірмесі, неке туралы куәліктің көшірмесі.
Жеңілдік ата-анасының өтініш берген сәтінен бастап қарастырылады және беріледі.
Қабылдау ережесі 24.04.08 жылғы № 5197-нші ″Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережесі″ негізінде құрастырылған.
Телефондары:
226–80–00; 226–81–10; 226–79–83; 226–79–77
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы
Тоқсұлу Жәдігерқызы Битембаева
050043, Казахстан Республикасы
Алматы қ., Торайгырова к-сі, 29
Тел.: +7 (727) 226–80–00,
Факс: +7 (727) 226–77–99
е-mail: