Қаз

Новости

 
[1–10] [11–20] [21–23]

Тамыз 24, 2010
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Құттықтаймыз! Қуанышты Хабар: Халықаралық Білім Беру КорпорациясыҚАЗАҚ-АМЕРИКА УНИВЕРСИТЕТІ (ҚАУ) Қазақ-Америка Университеті гуманитарлық-экономикалық білім беретін унивнрситеттер жалпы рейтингінің корытындысы бойынша, Қазақстандағы ең атаулы ондыққа ендіҚұттықтаймыз! Жалпы рейтингінің корытындысы бойынша Әріптестеріміз ҚаБСҚА Қазақстандағы ең таңдаулы техникалық университеттердің бірі атағына жетуімен құттықтаймыз! толығырақ »

Маусым 24, 2010
Ақ жол, түлектер!!!
Ақ жол, түлектер!!! ҚАУ жанындағы мектептің 2009–2010 оқу жылдары түлектері 4 маусым күні ҰБТ тапсырды. Түлектеріміз өздерінің қаншалықты білімді, ұтқыр екендіктерін республика көлемінде дәлелдеді. 11 В сынып түлегі Қаражанов Қайырбек ең жоғарғы балға қол жеткізсе, жалпы түлектеріміздің орташа балы 90 болды. Түлектерімізге, ендігі кезекте талапкерлерімізге сәттілік тілей отырып, армандаған ЖОО түсіп, білімдеріңді одан ары шыңдай түсіңдер, «білім алған алтын ұя мектептеріңді ұмытпаңдар, биікке самғарда қанаттарың талмасын!» дегіміз келеді. толығырақ »

Маусым 17, 2010
«Summer sun» жазғы лагері
«Summer sun» жазғы лагері«Summer sun» жазғы лагері Сіздердің балаларыңызға ең керемет демалыс күндерін ұсынады. Біздің көмегімізбен балаларыңыз ағылшын тілі деңгейін жоғарылатады әрі келесі оқу жылына күш жинайды. Күн тәртібі: - Төрт мезгіл тамақ (таңғы ас, түскі ас, түстен кейінгі ас жіне кешкі ас) - Сауықтыру түрлері (күнде қалаға қыдыру) - ағылшын тілін үйрету («practical english» күн сайын) - компьютерді үйрету (күн сайын) - интернет клуб (аптасына 2 рет) Сауықтыру түрлері: • зообақ• театр• кинотеатр• музей• қалаға қыдыру• Мега орталық• «Зазеркалье» театры• аквопарк• пиноккио• боулинг• Медеу• «Турген сарқырамасы»• Есік көлі• КөктөбеТәрбиешілер – тәжірибелі мұғалімдер. 1 кезең – 10 күнге созылады. 2 түрлі қызмет ұсынылады: 1) 10 күн (түнді қосқанда) 2) 2 апта 9.00 – 18.00 дейін сенбі, жексенбі демалысБағасы: 40000 теңгеЛагердің кезеңдері: 1 кезең 7 – 18 маусым 2 кезең 21 маусым – 2 шілде3 кезең 5 шілде – 16 шілде4 кезең 19 шілде – 30 шілде5 кезең 2 тамыз – 13 тамыз6 кезең 16 тамыз – 27 тамызЖас ерекшеліктері: 1 топ 5–6 жас2 топ 7–10 жас3 топ 11–14 жас4 топ 15–18 жасБіз Сіздерді «Summer sun» лагерінде күтеміз! Жақсы демалыңыздар! толығырақ »

Маусым 17, 2010
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні!!!
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. 1997 жылдан бері Қазақстан Республикасы мамырдың 31 жұлдызын «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп азалы күнді ресми түрде атап өтуде. Қазақ Америка университетінің ұжымы да, кешегі «ақтаңдақ» кезеңінде жазықсыз жала жабылып, ату жазасына бұйырылған аталарымыз: Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин тағы басқаларды еске алып, олардың шығармаларын әңгімелей, сипаттай отырып тағзым етті. Үлкен білім ордасының оқытушылары мен студенттері олардың еңбектерін, шығармаларын жақсы біледі. Саяси репрессия енді айналып келмесін, жазықсыз құрбандар болмасын деп тілейміз. толығырақ »

Маусым 3, 2010
Өнерлерің өрге өссін, жас ұрпақ!Өнерлерің өрге өссін, жас ұрпақ!
Өнерлерің өрге өссін, жас ұрпақ!!! Қазіргі таңда ҚАУ жанындағы мектепте 6 түрлі үйірме жұмысы жұмыс жасайды. Олар- фортепиано, хореография, ән- күй, бейнелеу өнері және каратэ. Сонымен қатар спорттық үйірмелер. 19 мамыр күні жоғарыда аталған шығармашылық үйірмелер есеп беру концерті ретінде кеш ұйымдастырды. Бұл кеште ҚАУ жанындағы мектепте үйірмелерге қатысатын студенттер өздерінің 2009–2010 оқу жылдарында қандай өнерлерді үйреніп шыққанын көрермен қауымға тәнті етті. Атап айтар болсақ, хореография, фортепиано үйірмесіне қатысатын студенттер би билеп, ән салса, ал шығыс өнері каратэге қатысатын студенттер өздерінің қаншалықты мықты және жылдам екендіктерін көрсетіп бақты. Сонымен қатар бейнелеу өнері үйірмесі жетекшісі, қалаішілік көрме ұйымдастырды. Онда студенттердің үздік туындылары көрмеге қойылып, көрермендер жағынан өз бағаларын тапты. Кеш соңында өздерінің жақсы өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көзайымына айналған студенттерге әкімшілік жағынан марапаттау қағаздары берілді. толығырақ »

Маусым 3, 2010
Бағындыратын шыңдарың алда!
Халықаралық олимпиядалық комитеттің Президенті 22 мамыр күні Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Ұлттық олимпиядалық комитететінің ұйымдастыруымен өткен Олимпиядалық күнді атап өтті. Аталған іс- шараға Қазақ- Америка Университеті жанындағы мектеп студенттері мен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ыстықұл Қ. Ә., денешынықтыру пәнінің оқытушылары Иваненко В. И. және Веселая Л. О. қазақ тілі пәнінің мұғалімі Рысова Ж. сонымен қатар 8 сынып кураторы Шиянова Қ. З. қатысты. Бұл іс- шараның негізгі мақсаты -өскелең ұрпаққа елімізде халықаралық деңгейде 2011 жылы аталып өтілетін «Ақ олимпияданы» насихаттау болып табылады. Бұл олимпиада арқылы қазақ елі өзін дүние жүзіне тағы бір рет тәуелсіз, өркениетті ел ретінде танытуға мүмкіндік алады. Олимпиядалық күнде әр жастағы студенттер 600,1000 метр қашықтықта жүгірумен бақ сынасты. 16–17 жас арасындағы 1000 метр қашықтықта жүгіруден 10В сынып оқушылары Нуркадилов Нурзаман мен Горбоконенко Андрей 150 қатысушыдан алдыңғы ондыққа ілініп, Алматы қаласы әкімдігі жағынан құрмет грамотасы мен сыйлыққа ие болды. Студенттерімізді жеңістерімен құттықтап, «әлі де бағындыратын шыңдарың алда!»- дегіміз келеді. толығырақ »

Маусым 3, 2010
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!!
Жеңімпаздар Қазақ-Америка университетінің 1-інші курсына «Журналистика» мамандығы бойынша емтихансыз, барлық тиісті Ережелерге сәйкес қабылданады және 100 %, 50 %, 25 % жеңілдіктер бар! толығырақ »

Мамыр 17, 2010
Математика, информатика және физика саласындағы жаңа ақпараттық технологияМатематика, информатика және физика саласындағы жаңа ақпараттық технология
Математика, информатика және физика саласындағы жаңа ақпараттық технология. Қазақ-Америка университеті жанындағы Алматы байланыс колледжінің 80 жылдығы қарсаңына орай өткізіліп жатқан шаралар өз жалғасын тапты. Студенттердің білімдерімен біліктіліктерін арттыруға арналған кезекті апталық математика, информатика және физика пәндеріне арналды. Әр пәнге арналған апталықтар студенттердің білімдерін шыңдауға және пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға үлкен үлес қосатыны сөзсіз. «Математика, информатика және физика» апталығы: Математика ғылымдардың патшасыӘр саланың болады бастамасы. Ертеден физиканың Архимед пен Ом заңыБілу керек әркімнің-ақ парызы. Интернет те келе жатыр заманға сай таласа, Қалмаңыздар сіздер де білімдерден адаса. Өнеркәсіп, медицина тағы басқа саладаКомпьютерсіз іске аспайды оның бәрі тағы даЕндеше айтайын дегенім халайықЖаңа өмірдің информатиктері болайық!, – деген тамаша өлең жолдарымен басталды. Пәндерді қамтыған апталық пікір-талас, интеллектуалды ойын түрінде өткізілді. Апталықта студенттер арасында «Жаңа ақпараттық технологиялар керек пе?» атты тақырыпта дебат өткізілді. Студенттер екі топқа бөлініп жаңа ақпараттық технологиялардың қазіргі заманымызға, қоғамымызға тигізер пайдасы мен зияны туралы пікір таластырды. Пікір талас барысында студенттер интерактивтік тақта, интернет желісі және компьютер туралы өздерінің жеткілікті түрде білетіндіктерін көрсетті. Дебат қызықты да, қызу өтті. Пікірталаста Бериков Д., Илахунов З., Гунина Л., Аубакиров А., Кенішұлы Қ., Маханов М., Турганова А., Аңсатбаева А., Данышпан Ә. және Перевалова Д. т. б сияқты студенттер өздерінің білгірліктерін және жан-жақтылықтарын көрсете білді. Келесі күні апталық «Кім Лидер?» тақырыбында өткізілген білім сайысымен өз жалғасын тапты. Бұл сайыста студенттер 3 топқа бөлініп білімдерін шыңдады. Сайыс 5 кезең бойынша өткізілді. Таныстыру кезеңінде 3 топ «МИФ», «Гроза науки», «Эврика» өз атауларының шығу тарихын, топ мүшелерін және эмблема белгілерін өлеңмен таныстырып өтті. «Дальше-дальше» кезеңінде математика, информатика және физика пәндерінен сұрақтарға жауап берілді. «Кто Лидер?» бөлімінде осы пәндер бойынша логикалық сұрақтарға жауап берілді. Келесі бөлім капитандар сайысымен жалғасып, пәнге қатысты мақал-мәтелдермен үйлесті. Сайыс өте тартымды өтті. Сайысты әділқазылар алқасы бағалады. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 3-орынды «Эврика», 2-орынды «Гроза науки», ал 1-орынды белсенділіктерімен көзге түскен «МИФ» тобы жеңіп алды. Сайыста Бериков Д., Дондоков А., Сайдуллаев И., Жумагалиева А., Сагынгалиева А., Набиева А., Хисамитдинова И., Медеуп А., Копус Д., Айғараева А., Гаитбаев Р., Карпусевич С., Құсайнов Ж. және Сапарбаев Н. сияқты студенттер логикалық шеберліктерімен және тапқырлықтарымен көзге түсті. Әрине, математика, информатика және физика пәндерін бірден меңгеріп кету әркімнің қолынан келе бермейді. Бірақ біздің студенттер бұл сайыстың ауыр жүгінен қорықпай, жиған-терген ілімі мен білімін паш етіп, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, оны ойлау қаблеттерімен үйлестіре отырып топтық жұмыста да және оның мүшесі ретінде де нақты, дұрыс және толық жауаптарымен әділқазылар мүшесін толық қанағаттандырып, ұстаздары мен құрбы-құрдастарының көңілінен шықты. Апталықта, сонымен қатар математика пәнінен Аюпова А. Қ «Көпжақтар және олардың аудандарын есептеу» тақырыбында, информатика пәнінен Сайдинова Э. Б., Токсанбекова А. А. «Microsoft Office бағдарламалары және MathCad» тақырыбында, физика пәнінен Кучербаева Н. Е. «Фотоэффект» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, өз әріптестерімен сабақ беру әдістемесін бөлісті. Апталықтың жабылу салтанатында қатысушыларға сыйлықтар тапсырылып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай-ақ дәліздерді және аудиторияларды безендіру барысында ерекше көзге түскен 09-Э-902 тобыда мақтау қағазымен марапатталды. Құрметті студенттер білімдерің шыңданып, тек биіктерге самғай беріңдер! толығырақ »

Мамыр 17, 2010
КҮШ – БІЛІМДЕКҮШ – БІЛІМДЕ
КҮШ – БІЛІМДЕБиыл, 2010 жылы сәуірдің 21 мен 23 аралығында, «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым беру Министрлігінің, сондай-ақ Алматы қаласының Әкімшілігінің көмегімен «Білім беру және мансап – 2010» атты XI Халықаралық Қазақстандық көрме ұйымдастырды. Бұл көрмеде Қазақ–Америка Университеті өз стендтерін, біздің университет туралы мәліметтері бар жарнамалық үндеулерін, ҚАУ газеттерін көрсетіп, талапкерлерге сыйға тартты. Талапкерлерге Қазақ–Америка Университетінің, Алматы Байланыс Колледжінің және Қазақ–Америка Университетінің жанындағы мектептің ұстаздары біздің университет жайлы толық мағлұматтарды хабардар етті. толығырақ »

Мамыр 17, 2010
Әлеуметтік-экономикалық пәндер циклының ашық есік апталығы.
Әлеуметтік-экономикалық пәндер циклының ашық есік апталығы. 19 сәуірден 23 сәуірге шейін ҚАУ жанындағы АБК-ның әлеуметтік-экономикалық пәндер циклының ашық есік апталығы өтті. Апталық жоспарына оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстарының түрлі формалары кірді. Апталықты өткізу алдында циклдың тарихы жөнінде стенд пен пәндік қабырға газеттерін, афоризмдерден тұратын ұрандар шығару сияқты бірқатар ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Көрнектіліктің мақсаты – әлеуметтік-экономикалық пәндердің ерекшеліктерін, цикл тарихын, «Пошта байланысы», «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», «Банк ісі» мамандықтарының түлектерін көрсету болды. Ашық есік апталығына дайындық жұмыстарын жүргізіп, оны өткізуде Л. И. Рахимова (цикл комиссиясының төрайымы), арнайы пәндерді жүргізетін Ишмухамедова В. М., Рахимкужаева Ә. Р., Федотенко Е. М., Джумалиев Б. С., Ергалиева А. К. сияқты оқытушылар белсенділік көрсетті. Апталықта «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» деген тақырыпта студенттер үйінде өткізілген Дөңгелек стол, лекция және практикалық сабақтардың мастер-класы, «Өз оқуыма неге қанағаттанбаймын?» деген тақырыпта оқушылар арасында жүргізілген социологиялық зерттеулер, ҚАУ-дың «Қаржы» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттермен өткізілген кездесулер ерекше аталынып өтті. Сонымен қатар, цикл тестті өткізу мәселесі бойынша Әдістемелік кеңеске дайындалған баяндамалармен де ерекшеленді. Әр оқытушыға тестология бойынша терминдердің қысқаша сөздігі ұсынылды. Күн сайын холлда оқу әдебиеттерінің көрмесі жұмыс істеді. Апталықтың соңғы күні «Қазақстан жастары және азаматтық қоғам» деген тақырыпта оқушылардың күшімен шулы да, қызықты КВН өтті. толығырақ »

[1–10] [11–20] [21–23]

050043, Казахстан Республикасы
Алматы қ., Торайгырова к-сі, 29
Тел.: +7 (727) 226–80–00,
Факс: +7 (727) 226–77–99
е-mail: