Қаз

Главная

Қантар 11, 2010

ҚАУ жанындағы мектеп - Мемлекеттік Аттестациялаудан өте жақсы деген көрсеткішпен өтті.

2009 жылдың казан айында халықаралық бағдарламаларды енгізетін, жалпы білім беретін мектептерді тексеру барысында ҚАУ мектебі Ғылым және Білім Министірлігімен аттистатталды. Жалпы білім беру заңдылықтарын, жалпы білім беру ұйымдарына қойылған талаптардың, Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының сақталуын тексерілді.
Комиссияның Төрағасы болып Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының Білім сапасын Ғылыми-зерттеу институтының бастаушы ғылыми қызметкері — Ш. М. Шуиншина тағайындалды. Мектеп құжатнамасы ВШК-ның талаптарына сәйкес. 9 сынып оқушылар арасында өткізілген тестер оқу процессі және ҚАУ мектебінде бос уақытты тиімді өткізу жайында жоғарғы нәтижелер көрсетті. Тексеріс нәтижесінде комиссияны жоғарғы дәрежеде қабылдап, дайындық өткізгені үшін ҚАУ мектебінің директорына Ф. Р. Пейгумбари, зан бөлімінің басшысына Д. Я. Мамедоваға, мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыс басшысының орынбасарына А. Т. Исмаиловқа және әдістемелік басшыларына Р. Ж. Тойшибаеваға, С. Р. Сугирбековаға, Г. И. Киселеваға, Н. Н. Кириловаға, Ж. Д. Азимбековаға алғыс жарияланды. ҚАУ мектебінің ұстаздары мен оның оқушыларын құттықтаймыз!!! Дамуын және табысты болуын тілейміз.


АВ бойынша Проректор А. С. Сарымсакова

050043, Казахстан Республикасы
Алматы қ., Торайгырова к-сі, 29
Тел.: +7 (727) 226–80–00,
Факс: +7 (727) 226–77–99
е-mail: