ҚАУ жаңалықтары

23 қаңтар 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ХБК кітапханасы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналған
«Мұхтар Әуезов және рухани қайта өрлеу» атты қоғам қайраткері,
атақты қазақстандық мәдениеттанушы және дипломат
М.М.Әуезовпен кездесу өткізеді.
 

Өткізу орны: Ғылыми кеңес залы (ҒКЗ)
Өткізу күні: 2018 жылдың 31 қаңтарында сағат 11.00-де.

Қонақтар: Әуезов Мұрат Мұхтарұлы, филология ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, дипломат;
Қонаев Диар Асқарұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы Әдебиет институтының Әуезовтану бөлімінің басшысы;
Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы Әдебиет институтының абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі;
Қатысушылар: ҚазБСҚА және ҚАУ, Профессор-оқытушылар құрамы. Барлығы 110 адам.

2017 жылы Қазақстанның әдеби әлемі қазақ әдебиетінің ірі классиктерінің бірі Мұхтар Әуезовтің (1897-1961 ж.) 120-жылдық мерейтойын атап өтті.
М.О.Әуезов – майталман көркем сөз шебері. Прозаик өз өміріндегі басты еңбегі – «Абай жолы» роман-эпопеясымен биік шыңға жетті. Ұлы ақынның өмір жолы мен рухани өсуі туралы тетрология Абайдың ішкі дүниесін түсінуге мүмкін беретін халық тұрмыс-тіршілігінің көрінісінен тұрады.

Іс-шараның мақсаты:
- «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру;
- Жастардың мәдени және ақпараттық санасын дамыту;
- Жастарды оқуға тарту;
- Жоғары оқу орындарының студенттеріне Қазақстанның белгілі жазушыларын таныстыру.

Бағдарламада:
1. ҚазБСҚА ЖБПФ ассоц.профессорының ассистенті, филология ғылымдарының кандидаты Жакупова Ә. Ө.-ның «Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы» атты баяндамасы;
2. Мәдениеттанушы және дипломат М.Әуезовтің сөзі;
3. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы Әдебиет институтының Әуезовтану бөлімінің басшысы Д.А.Қонаевтың сөзі;
4. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы Әдебиет институтының абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Қ.С. Сыбанбайұлының сөзі;
5. «Ұлы ғасырдың ұлы кемеңгері – Гений Казахской земли» тақырыбында Абай мұражайы (Семей қ.) ұйымдастырған көшпелі көрме презентациясы;
6. ҚазБСҚА және ҚАУ студенттерінің Абай өлеңдерін оқуы

Қатысамын деушілерге есік ашық!

Іс-шараны өткізуге жауапты:
Кешубаева Тилла, Карабалаева Кымбат,
Байланыс телефоны +7(727) 2208104 і.н.1025, 2076
 

дү се сә бе жұ се же
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031