ҚАУ жаңалықтары

1 ақпан 2018
«Ахмет Байтұрсыновтың Оренбургтік жолы» кітабының тұсаукесері туралы очерк

2018 жылдың 30 қаңтарында Қазақ-Америка университетінде Рухани Жаңғыру ұлттық бағдарламасының жүзеге асыру шеңберінде «Бәйтерек» Оренбургтік Қайырымдылық қордың қолдауымен Алаш партиясының 100-жылдығына арналған Дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шарада 2017 жылдың күзінде жарық көрген ресейдің ғалым-өлкетанушысы Тугай Татьяна Ивановнаның «Ахмет Байтұрсыновтың Оренбургтік жолы» атты кітабының тұсаукесері болды.
Кітапта қазақ халқының ғалымы, ағартушысы, саяси және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының Оренбург қаласында өткізген өмірінің кезеңі жайлы, қызметі, бұрын жария болмаған мәліметтер туралы баяндалады.
Кітап оның тұлға ретінде Оренбургтік орыс-қазақ училищесінің оқушысы, жас педагог, бірінші қазақ газетінің авторы, жас қазақ республикасының басында тұрғанын, қазақстандық өкіметінің бірінші мүшесі және оқу-ағарту ісінің комиссары ретінде қалыптасуын қамтиды.
Дөңгелек үстелге ресейлік, польшалық және қазақстандық ғалымдар, меценаттар қатысты. Ресейлік ғалым, профессор С.В.Любичанковский., «Бәйтерек» қайырымдылық қорының басқарма төрағасы С.С Таикешова., польшалық ғалым-тюрколог В. Чернев., және т.б сөз сөйледі.
 

 

дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031