ҚАУ жаңалықтары

23 қаңтар 2018
«Аманат» Бейне-Конкурсы

Мерзімі - 22.01-05.02.2018ж.
Қазылар алқасының отырысы: 6.02.-7.02.2018ж.
Қатысушыларды марапаттау:
9.02.2018ж


«Аманат» Бейне-Конкурсы
Қазақ-Америка университеті Қазақстан жазушылар Одағымен бірлесе отырып ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектеп оқушылары, колледж және бакалавриат студенттері арасында бейне-конкурс ұйымдастырады!
Конкурс 2018 жылдың 22 қаңтарынан басталады.
Қазақстан мәдениетіне М.Макатаевтың енгізген үлесі зор. Оның көптеген шығармалары ұлттық мәдениет қазынасына енген.
Қазіргі жастар Мұқағалидың поэзиясын жақсы көреді, қызығады. Оның өлеңдеріне деген қызығушылық, сүйіспеншілік күннен күнге өсуде. Конкурс барысында қатысушылар Мұқағалидың поэзиясы мен шығармашылығы туралы өз ойымен бөлісе алады.
Мектеп оқушылары және колледж, бакалавриат студенттері сүйікті авторының өлеңін жатқа айтып, таңдау себептерін айтады.
Конкурсқа қатысу үшін М. Мақатаевтың оқылған өлеңін бейнеге жазып, осы роликті 2018 жылдың 5 ақпанына дейін klub18@mail.ru атты электрондық поштаға жіберу керек.
Конкурстың қазылар алқасы:
1. Кайыржан Саясатович Абдыхалыков, ассоц. проф., PhD
2. Нурлан Айткалиевич Нурсейит, ассоц. проф., э.ғ.д.
3. Куаныш Батырбаевна Тунгенбаева, проф.ассист
Конкурстың барлық қатысушылары қатысушының сертификатын алады, ал жеңімпаздар үшін төмендегі сыйлықтар көрсетілген.
1орын: тамаша кітап жинақтамасы
2 орын: COSTA COFFEE сыйлық сертификаты
3 орын: киноға 2 билет
«Аманат» конкурсы-нағыз поэзиялық мереке! Кітаптарды оқыңыздар, шабыт алыңыздар, жаңа өлеңдерді жаттаңыздар, конкурсқа қатысыңыздар. Сіздерді күтеміз!
 

дү се сә бе жұ се же
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728