ҚАУ жаңалықтары

16 қараша 2017
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ХБК кітапханасы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналған
«Мұхтар Әуезов және рухани қайта өрлеу» атты қоғам қайраткері,
атақты қазақстандық мәдениеттанушы және дипломат
М.М.Әуезовпен кездесу өткізеді.

Өткізу орны: Ғылыми кеңес залы (ҒКЗ)
Өткізу күні: 20 қараша 2017 жыл, сағат 11.00.

Қонақтар: Әуезов Мұрат Мұхтарұлы, филология ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, дипломат;
Қонаев Диар Асқарұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы Әдебиет институтының Әуезовтану бөлімінің басшысы;
Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы Әдебиет институтының абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі;
Қатысушылар: ҚазБСҚА және ҚАУ, Профессор-оқытушылар құрамы. Барлығы 110 адам.

2017 жылы Қазақстанның әдеби әлемі қазақ әдебиетінің ірі классиктерінің бірі Мұхтар Әуезовтің (1897-1961 ж.) мерейтойын атап өтуде.
М.О.Әуезов – майталман көркем сөз шебері. Прозаик өз өміріндегі басты еңбегі – «Абай жолы» роман-эпопеясымен биік шыңға жетті. Ұлы ақынның өмір жолы мен рухани өсуі туралы тетрология Абайдың ішкі дүниесін түсінуге мүмкін беретін халық тұрмыс-тіршілігінің көрінісінен тұрады.

Іс-шараның мақсаты:
- «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру;
- Жастардың мәдени және ақпараттық санасын дамыту;
- Жастарды оқуға тарту;
- Жоғары оқу орындарының студенттеріне Қазақстанның белгілі жазушыларын таныстыру.

Бағдарламада:
1. ҚазБСҚА ЖБПФ ассоц.профессорының «Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы»;
2. Мәдениеттанушы және дипломат М.Әуезовтің сөзі;
3. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы Әдебиет институтының Әуезовтану бөлімінің басшысы Д.А.Қонаевтың сөзі;
4. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы Әдебиет институтының абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Қ.С. Сыбанбайұлының сөзі;
5. «Ұлы ғасырдың ұлы кемеңгері – Гений Казахской земли» тақырыбында Абай мұражайы (Семей қ.) ұйымдастырған көшпелі көрме презентациясы;
6. ҚазБСҚА және ҚАУ студенттерінің Абай өлеңдерін оқуы

Қатысамын деушілерге есік ашық!

Іс-шараны өткізуге жауапты:
Карабалаева К., Кешубаева Т.
Байланыс телефоны +7(727) 309-61-92
 

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031