ҚАУ жаңалықтары

26 қазан 2017
Қарттарым асыл қазынам.

Қайран, уақыт... Бүгінгі қарт, қарияларымыз бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарт кісілерге үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір сүруіне өз үлестерін қосқан. Ендеше, саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесі құтты болсын! Осы мерекеге орай Алматы қаласында қазан айы дәстүрлі түрде қарттар айы болып белгіленіп отыр. Бостандық ауданы қала бойынша ең үлкен аудан. Ауданда 40,0 мың ардагер, соның ішінде 98 Ұлы Отан Соғысының ардагерлері,3870 тыл ардагерлері, 14 Ленинград азат етушілері бар. Олардың көбі денсаулығы жоқ төсекке танылған, дәрілері қымбат, зейнетақылары аз адамдар.Ардагерлер бізден мейірім мен жылы жүрек күтеді.
Біздің университет те Бостандық ауданының ардагерлерін назардан тыс қалдырмай 13 қазан күні ҚАУ-нің асханасында аға буын өкілдеріне түскі ас ұйымдастырылды. Ардақты ардагерлеріміз өздерін жылы қарсы алып, көрсетілген құрметке марқайып, алғыстарын білдірді. Құрметті ата-аналар ертеңгі ұрпағына өсиет айтып, тәлім - тәрбие берер қазыналы қарттарымыздың баталарын берді. Түскі асты жастарға үлгі боларлық әдемі тілектермен өсиеттер жалғады. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпақтарына үлгі, өнеге, таптырмас қазына. Ардагерлеріміз жастардың өздерін ұмытпай құрмет көрсетіп жатқанына риза болып, қартттарын қадірлеген елдің болашағы үлкен екенін айтты.Барлық ардагерлерді ақшалай сыйақымен марапатталды. Ас соңынан қарттар тобы ҚАУ-нің мұражайын аралап естелікке суретке түсті.
 

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031