ҚАУ жаңалықтары

27 сәуір 2017
ҚАУ Қамқоршылар Кеңесінің жаңа мүшелерін қолдайық!

06.04.2017 ж. ҚАУ Қамқоршылар Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда Қамқоршылар Кеңесінің мүшелер құрамын жаңарту жөнінде мәселелер қозғалды. ҚАУ ҚК құрамына енгізілгендер:
 Абдигапар Сагадат Едегеулы - Академик, Халықаралық ақпараттандыру академиясының Вице-президенті, Оксфорд Академиялық Кеңесінің мүшесі; Қазақ Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі; «СұлуНур» консорциумының президенті;
 Данияров Геннадий Гожахметович – Алматы қаласы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Департамент жетекшісінің орынбасары;
 Раздыков Шерхан Пертаевич - РДТ АҚ «Казақтелекомның» бас директоры;
 Бекбердиев Бекжигит Лесович - АҚ «Казпочта» бөлімшесінің директоры;
 ЖанзаковаАйнисаЕлеусизовна - RBK банкінің қалалық бөлімше төрағасының орынбасары;
 Капашев Рамиль Рустамович - "Westdala" компаниясының бас директорының кеңесшісі;
 Абдуллаев Серик Калыкович – АҚ «Қазақстанның «Атакент» іскери серіктестік орталығы» басқару президентінің төрағасы;
 Такенов Жакып Батырханович – «АЖК» АҚ басқару төрағасының орынбасары;
 Матаев Жансултан Орынбекович – Орталық Тұрғын үй құрылыс жинақ банк бөлімшесінің директоры;
 Ибрагимов Нариман Толегенович - «Kazko» компаниясының иелесі, директоры, «Алекс» ЖШС минералды су заводының меншік иесі.
Ж.К. Калиевтың төрағалық өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты ҚАУ ҚК төрағасы қызметіне ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының Вице-президенті Н.К. Надиров тағайындалды. Парламент Мәжілісінің депутаты, БҰҰ Қауымдастығының Қазақстан Республикасындағы бірлестік төрағасы Қалиев Жекен Қалиевичке салтанатты түрде алғыс хат тапсырылды. Қамқоршылар Кеңесі ҚАУ мерейтойының 20 жылдығына арналған соңғы 5 жыл ішіндегі жетістіктері және іс-шараның жоспары туралы баяндама тыңдады. Біз жоспарлаған шаралардың ішінде: жиын залы және жаңа лектік дәрісханалар құрылысы, оқу орнының сыртын қаптау және қайта жаңарту, мұражайды жаңарту, осы жазда зертханалық жабдықтар сатып алу. Қамқоршылар қаржылық қиындықтары бар, бірақ оқу стипендиясы арқылы жақсы нәтижелер көрсеткен ҚАУ студенттеріне көмек көрсетуге тілек білдірді.
Біз Қамқоршылар Кеңесінің жаңартылған құрамына және оның төрағасы Н.К. Надировқа сәттілік тілейміз!
 

 

«ҚАУ» кампусының директоры - А.С. Сарымсақова
дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031