ҚАУ жаңалықтары

30 қараша 2017
Біз ЖИТС-на қарсымыз

       2017 жылдың 24 қарашасында ҚАУ кітапханасының №1 оқу залында Алматы қаласындағы ЖИТС алдын алу және бақылау орталығымен бірігіп «СПИД-пен күресу дүниежүзілік күніне» арналған «Біз ЖИТС-на қарсымыз» атты тақырыптық кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.Салауатты өмір салтын қалыптастыру.Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу қауіпсіз өмір сүру мәдениетін қалыптастыру. Іс-шараға АБК және мектеп жанындағы ҚАУ студенттері қатысты. Қалалық орталықтың дәрігері Амирова Айнур ЖИТС-ның алдын алудың түрлі жолдары, қауіпсіз өмір сүру мәдениетін, ЖИТС жұқтырмау жолдары туралы мағлұматтар берді. Студенттер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.

 

 

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031