ҚАУ жаңалықтары

11 қазан 2017
КТК журналисті ҚАУ студенттерінің қонағы

Қазақ-Америка Университетінде журналистика бойынша мастер-класс өткізілді. «КТК» республикалық телеарансының аймақтық жаңалықтарының редакторы Юлия Марченко маман ретінде қатысты

5.10.2017ж. «Журналистика бойынша мастер класс» бағдарламасы аясында ҚАУ ұстазы Тұрлыбекова А.А. студенттер үшін Юлия Марченко - журналист, КИМЭП әлеуметтік ғылымдар магистрі, редактормен кездесу ұйымдастырды.
Мастер-классқа «Журналистика» мамандығының бірінші, үшінші және төртінші курс студенттері қатысты.
Кездесу басында редактор журналист ретіндегі өз жолы туралы әңгімелеп берді. Қашан және қалай жұмыс істей бастағаны жайлы айтты, оның тележүргізушілік бойынша тәжірибесі барын айтты. Юлия жұмыс барысында кездесетін қиындықтар туралы әңгімелеп берді.
Мастер-класстың көп уақыты сарапшымен студенттердің әңгімелесуімен өтті. Әр-түрлі мәселелер қозғалды, бірі журналистік белсенділікке қатысты сұрақ қойса, екіншісі редактордың өміріне көп қызығушылық танытты.
Кездесу аяғында Ю.Марченко университеттен естелікке сыйлықтар алды. «Журналистика» мамандығының студенттері үшін ұйымдастырылған журналистермен кездесулер жиі өткізіліп түратын болды.
 

 

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031