ҚАУ жаңалықтары

20 ақпан 2018
«МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» бос орындар жәрмеңкесі

2018 жылдың 2 наурызында сағат 11-де келесі мекен-жайда: MOSKVA сауда-ойынсауық орталығы, 8 шағынаудан, 37/1 үй, Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысы, жұмыс іздеуші тұлғаларға, білім ұйымдарының түлектеріне және жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі.
Іс-шара ұйымдастырушы - Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы, Әуезов ауданы әкімінің аппараты.
Бос орындар жәрмеңкесі мақсатында жұмысшылар мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату жолымен жұмыссыз азаматтарды, ұйымдар түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.
Жәрмеңкеге 300-ден аса бос орындары бар, 30-дан көп жұмыс берушілер қатысатын болады. Бос орындар жәрмеңкесі компаниялар үшін де, сондай-ақ жұмыс іздеушілерге де өтеусіз негізде жүргізіледі.
Бос орындар жәрмеңкесінде 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламасы, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша халыққа кеңес беру ұйымдастырылатын болады.

Байланыс мәліметтері: Н.Назарбаев даңғылы 50 (Жібек жолы көшесінің қиылысы), тел. 341 04 60, 341 04 61 (ішкі 1017, 1018).

 

дү се сә бе жұ се же
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930