ҚАУ жаңалықтары

6 наурыз 2018
«QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасына 60 жыл

Елімізде «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасының 60 жылдық мерекесін тойлау басталып кетті.
«QAZAQSTAN» телеарнасының 60 жылдығына арналған «QAZAQSTAN» еліміздің телеэпопеясы:ұлттық арнаның даму моделі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Сонымен қатар, Қазақ телевизиясының мерейлі мерекесіне орай, ардагерлердің басын қосқан «Дара жол» бағдарламасының мерекелік түсірілімі болды.
Осындай айтулы оқиғаларға «Қазақстан» ұлттық арнасында ұзақ жылдар қызмет еткен, техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Білім беру корпорациясы, Қазақ-Америка Университетінің ассоциацияланған профессоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Даниярова Дүрия Рәтбекқызы қатысып қайтты.
 

дү се сә бе жұ се же
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31