ҚАУ жаңалықтары

5 ақпан 2018
Тақырыбы: «ҚАУ-дағы Достық Спартакиадасы»

2018 жылдың 17 қаңтарында ҚазБСҚА спорттық базасында ҚАУ қызметкерлері мен ПОҚ арасында өткізілетін дәстүрлі, жыл сайынғы жарыс өткізілді. Спартакиада ҚАУ бакалавриатымен ұйымдастырылды.
Спартакиада бағдарламасына би флэшмобы, эстафеталар, арқан тарту бойынша жарыс, волейбол, баскетбол, теннис және командалық спорттық би кірді. Спартакиаданың спорттық бөлімі тамаша Зумба биімен басталды.
Жарыстың бірінші кезеңінде эстафеталар болды. Бұл ең қызықты және эмоционалдық конкурс. Бұл конкурста әрбір қатысушы қобалжып, жеңіске қуанып, тамаша бір әсер алады. Бірінші конкурстың қорытындысы бойынша көшбасшы болып Бакалавриат командасы шықты.
Волейбол турнирынан кейін жалпы есепте ҚАУ жанындағы мектеп көшбасшылыққа ие болды.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша:
1 - орынды 27 ұпаймен ҚАУ жанындағы мектеп жеңіп алды.
2 – орынды 26 ұпаймен Бакалавриат командасы алды.
3 – орынды 21 ұпаймен АБК командасы алды.
4 – орынға 19 ұпаймен ҚАУ Қызметкерлері командасы ие болды.

Ұйымдастырушы комитетпен 2018 Спартакиадасының Мисі және Мистері таңдап алынды.
«2018 Спартакиадасының Мисі» номинациясын АБК оқытушысы Тунгенбаева Куаныш Батырбаевна жеңіп алды. "2018 Спартакиадасының Мистері" номинациясы ҚАУ-дың ассоц. проф., Салпеков Алибек Сайлаубековичке бұйырды. Номинация иелері дипломдармен марапатталды.
Сонымен, ҚАУ жанындағы мектеп жеңімпаз атанды.
 

дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031