ҚР ҒБМ Жаңалықтары

15 ақпан 2016
Астанада білімді интернационалдандыру бойынша семинар өтеді

Семинардың мақсаты – АҚШ университеттерінің тәжірибесін ескере отырып Қазақстанның жоғары оқу орындарында интернационалдандыру механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Дәрістің тыңдаушылары халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жауапты Қазақстан жоғары оқу орындарының өкілдері. Дәрісші ретінде Иллиной университетінің халықаралық білім және біліктілікті жоғарылату бойынша бөлім (АҚШ, Урбана-Шампейн) директоры Мэтт Розенштейн және ҚР білім беру ісін реформалау бойынша сарапшылардың Ұлттық командасы мүшелері сөз сөйлейді, содан бөлек семинар жұмысына Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысады.
Қатысушылар интернационалдандырудың басты мәселелерін талқылайды: академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, интернационалдандыру жүйесінің сапасын бағалау, университеттің халықаралық қызметін стратегиялық жоспарлау және т.б.
Доктор Мэтт Розенштейн АҚШ-тағы интернационалдандыру тәжірибесімен, академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру және дамыту механизмдері ерекшеліктерімен бөліседі. Розенштейн мырза халықаралық ынтымақтастық, ұстаздардың біліктілігін арттыру, оқу жоспарын стратегиялық дамыту, студенттік ұтқырлыққа және қоғаммен жұмысқа көмек салаларындағы жобаларды бірнеше рет басқарған.
Семинардың қорытындысы бойынша Қазақстандағы жоғары білімді интернационалдандыруды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды жасап шығарады.
Өтетін күні және орны: 2016 жылғы 11-13 ақпан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
 

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Құрметті әріптестер - Қазақ-Америка университетінің ұжымы!

ҚАУ президенті Сізді оқу жылының аяқталуымен және ҚАУ қызметкерлерінің жыл сайынғы аттестациясын тапсырумен құттықтап,барлықтарыңызды 2018 жылдың 25 маусымында өтетін «Thanksgiving day» (Ризашылық күніне) шақырады. Басталуы сағат 17.00