ҚР ҒБМ Жаңалықтары

22 шілде 2016
Білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі коллегиясының кеңейтілген отырысы өтті

Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі коллегиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Оның жұмысында жоғары оқу орындарының ректорлары, ведомствоға бағынысты ұйымдардың, облыс, Астана мен Алматы қалаларының білім беру басқармаларының, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми ұйымдардың және біліктілікті арттыру институттарының басшылары қатысты. Қоғамды кеңінен ақпараттандыру үшін және бүкіл жаңғыртулар мен бастамаларды барынша ашық түрде енгізу үшін бұқаралық ақпарат құралдары да жиналысқа шақырылған.

Министр Ерлан Сағадиев айтып өткендей, бүгінгі жиын министрлік жоспарлары туралы халықты хабардар еткізу және оларды іске асырудың ең ұтымды жолдарын анықтау үшін өткізілді. Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында үш ауысыммен жұмыс жасайтын және апатты жағдайдағы мектептерді жою үшін ағымдағы жылы министрлік 34 жаңа мектеп салып, ұлттық қор қаражаты есебінен тағы 42 жаңа мектеп құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, министр білім беру ұйымдарын жоғары жылдамдықтағы ғаламтормен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. 2020 жылға қарай кеңжолақты ғаламтормен оқушылардың 90%-ын және студенттердің 100%-ын қамту жоспарланған. Министр сыбайлас жемқорлық  қаупін азайтатын ҰБТ-ны өткізудің жаңа тәсілдерін түсіндіріп, орта білім беру жүйесін жан басына қаржыландыру әдістемесі туралы хабарлады.

Секциялық жиындарда білім беру жүйесінің ұлттық статистикасы, білім беру кадрларын даярлаудағы жаңа тәсілдеме, білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғары білім беруді дамыту және  жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатыстыруға жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар коллегияда Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының білім беру бөлімінің басшысы ауылдық мектептердегі орта білім берудің жаңартылған мазмұны туралы айтып өтті. Тілдік қабілетті дамыту туралы  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бас менеджері Қаламқас Байтенова сөз қозғады, ал мектептерде инновациялық технологияларды енгізу туралы «Біліммедиагрупп» ЖШС директоры Тимур Мұхтаров баяндама жасады. Коллегияның екінші жартысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов пен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динара Нүкетаеваның баяндамалары тыңдалды.

дү се сә бе жұ се же
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930