ҚР ҒБМ Жаңалықтары

15 ақпан 2016
Республикалық Универсиаданың 4-ші күнінің қорытындылары

Республикалық Универсиаданың төртінші күні жаңа жеңістермен аяқталды. Спорттың үш түрі бойынша медальдар сарапқа салынды: Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының мұз айдынында шорт-трек, Медеу мұз айдынында конькимен жүгіру спорты және президенттік көпсайыстың бөлігі ретінде шаңғы жарысы.
Шаңғы жарысы қыстың тамаша күнінде өтті. Қашықтықтар стандартты түрде: 5 км – ерлер үшін, 3 км - қыздар үшін болды. Жарыстардың қорытындысы бойынша трасса қожайындары алматылықтар жүлдесіз қалды.
I орынды Виктория Баженова (ПМПИ), II орынды Юлия Зеленская (ҚМУ), III орынды Виктория Катаева (ҚарМУ) иеленді. Ерлер арасында мынадай нәтижелер көрсетілді: I орын - Айбек Байдильдинов (ҚМУ), II орын - Андрей Соболевский (ҚарМУ) және III орын - Рустам Набиулин (СҚМУ). Президенттік көпсайысқа барлығы 21 жоғары оқу орнынан 134 студент қатысты: 72 жігіт және 62 қыз.
Шаңғы жарыстары – көпсайыстың қорытынды кезеңі болды, оның алдында мылтық ату және күш гимнастикасы болып өтті. Естеріңізге сала кетейік, екі кезең қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей ретте болды: III орын - Людмила Челышева (ҚарМУ), II орын - Виктория Козлова және I орын - Марина Вострикова (М. Қозыбаев атындағы СҚМУ). Ерлер арасында барлық жүлдені М. Қозыбаев атындағы СҚМУ (Петропавл) иеленді: III орын - Саурмилих Дмитрий, II орын - Жумангов Ильяс, I орын - Набиуллин Рустам.
Қысқы президенттік көпсайыс кешенінде жүлде келесі қатысушыларға бұйырды:
Қыздар
I орын Марина Вострикова, СҚМУ
II орын Юлия Зеленская, ҚМУ
III орын Людмила Челышева, ҚарМУ
Жігіттер
I орын Рустам Набиуллин, СҚМУ
II орын Айбек Байдильдинов, ҚМУ
III орын Дмитрий Саурмилих, СҚМУ
Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында шорт-тректен жігіттер мен қыздар арасында 1500 метр қашықтыққа жарыстар өтті. Бұл жарыстарға барлығы 10 жоғары оқу орнынан 62 студент қатысты, оның ішінде 34 жігіт пен 28 қыз. Бірінші күннің нәтижелері келесідей: I орын - Нұрлыбек Бейсеев ОҚМУ (Шымкент), II орын - Роман Пильман ҚазСТА (Алматы), III орын - Дмитрий Сорока ҚазҰУ (Алматы). Қыздар арасында: I орын - Ольга Тихонова ҚМПИ (Қостанай), II орын - Мадина Жанбусинова БНУ (Астана), III орын - Татьяна Сизова ЕҰУ (Астана).
Конькимен жүгіруден жарысқа 13 жоғары оқу орнынан 78 адам қатысып, жүлделі орындар келесідей бөлінді: I орын - Татьяна Климчук, II орын - Мария Сизова, III орын - Надежда Сидельник. Жігіттер: I орын - Федор Мезенцев, II орын - Артем Крикунов, III орын - Дарсиль Эссамамбо.
 

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Құрметті әріптестер - Қазақ-Америка университетінің ұжымы!

ҚАУ президенті Сізді оқу жылының аяқталуымен және ҚАУ қызметкерлерінің жыл сайынғы аттестациясын тапсырумен құттықтап,барлықтарыңызды 2018 жылдың 25 маусымында өтетін «Thanksgiving day» (Ризашылық күніне) шақырады. Басталуы сағат 17.00