Тіркеуші кеңсесі білімнің барлық дәрежелері мен сатыларының мамандарын қабылдайды және шығарады, оқушылардың дайындалу сапасының бақылауын, сонымен қатар, студенттердің білімінің тапсыру, межелік және қорытынды бақылауын ұйымдастыруды, статистиканы жүргізуді қамтамасыз етеді.  

Кеңсе өзінің әрекетін ҚР «Білім туралы» Заңына, Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелеріне, ҚАУ регламенттеріне: оқушыларды қабылдау, аттестаттау және шығару, оқу үдерісі және тәжірибе, білім саласындағы ҚР басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.


 

Тіркеуші Кеңсенің қызметінің негізгі бағыттары болып табылады: 
  • ·         Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
  • ·         Оқушылардың дайындық сапасын бақылау;
  • ·         Қорытынды бақылауды ұйымдастыру және өткізілуін бақылау;
  • ·         Кіру бақылауын ұйымдастыру және өткізу;
  • ·         Бітіруді ұйымдастыру және өткізу (түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестаттауының өткізілуін бақылау,   олардың дипломдарын рәсімдеу және табыстау);
  • ·         Оқушылар контингентін қозғау;
  • ·         Статистка және статистикалық есептемені жүргізу.


 Тіркеуші Кеңсенің негізгі қызметтері:

Талапкерлердің кешенді тестілеуі мен арнайы (шығармашылық) емтихандарын ұйымдастыру және өткізу; 
  • ·         ҚАУ – ға тапсырушылармен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша әңгімелесулерді ұйымдастыру және олардың өткізілуін бақылау; 
  • ·         Оқушылар контингенті бойынша бұйрықтарды дайындау;
  • ·         ҚР жалпы міндетті білім стандарттарына сәйкес, тестілеу жүйесін ұйымдастыру;  
  • ·         Бекітілген кесте бойынша оқушылардың емтихан сессияларын және тапсыру кезіндегі білім бақылауларын өткізу үшін, материалдарды жинау және тестілердің деректер банкін құру; 
  • ·         Оқушылардың тапсыру кезіндегі білім бақылауын (бірінші курстан басқа), емтихан сессияларын ұйымдастыру, өткізу және қорытындыларын шығару;  
  • ·         Бақылаудың барлық түрлерінің қорытындылары бойынша оқытушылық – профессорлық құрамды ынталандыру және жазалау бойынша ұсыныстарды дайындау;  
  • ·         Қатаң есептілік бланктерінің есебін жүргізу (ID, дипломдар, академиялық анықтамалар);
  • ·         Талдау және (эдвайзерлердің) ағымдағы жұмыс үшін, сессия нәтижелерін деканаттарға беру.

Тіркеуші – Буганова Светлана Николаевна

Тел.:             (+ 7727) 226-80-00      , 309-91-52