Студенттер үйіне орналастыру тәртібі

СҮ-де тұру туралы сұрақтарды Студенттер үйіне орналастыру жөніндегі комиссия қарастырады.
Факультеттерде (колледждерде) Студенттер үйіне орналастыру жөніндегі комиссияның құрамына декандар (колледждер директорлары), факультет декандарының (колледждер директорларының) орынбасарлары, студенттік декандар немесе студенттік кеңестің төрағалары, эдвайзерлер енгізілуі тиіс.
Факультет декандары және колледждер директорлары комиссияға түскен өтініштерді қараған кезде, бекітілген қоныстандыру бойынша критерийлерді қатаң ұстанады:
Студенттер үйіне орналастыру жөніндегі комиссия ХБК Студенттер үйінен білім алушыларға орын беру кезегі Критерийлеріне қатаң сәйкестікте жан-жақты және объективті түрде Студенттер үйінен факультетке (колледждерге) бөлінген орын санын ескере отырып, бөлме алуға үміткерлердің өтініштерін қарастырады және «Студенттер үйінен бір орын берілсін» немесе «рұқсат етілмесін» (себептерін көрсете отырып) шешім шығарады. Сонымен қатар, комиссия кезектілікті сақтай отырып, Студенттер үйіне орналастыру үшін үміткерлердің тізімін жасайды.
Студенттер үйіне орналасу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
1) Студент факультет деканының (колледж директорының), Тіркеуші офис, ҚЭБ мамандарының бұрыштамасы қойылған қоныстандыру туралы өтінішті ХБК ректорының атына жазып, өкізеді;
2) Өтініш бұрыштамамен тиісті факультеттің деканатына немесе ҚазБСҚА колледжінің, ҚАУ жанындағы АБК колледжінің дирекциясына (бұдан әрі – колледждер) тапсырылады;
3) Қабылдау комиссиясының жауапты хатшылары талапкерлердің Студенттер үйіне орналасу уақытымен және тәртібімен таныстыруға міндетті;
4) Студенттер үйінде тұру ордерлерін беру рәсімі басталғанға дейін СҮ директоры факультет және колледждер бөлінісінде келесі курсқа көшетін контингентті ескере отырып, Студенттер үйіндегі бос орындар тізімін деканатқа ұсынады;
5) Белгіленген күні (жаңа оқу жылы сабақ басталғанға дейін тамыз айының соңғы аптасы) деканаттар мен колледждер басшылары келіп түскен барлық өтініш қаралатын Студенттер үйіне орналастыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізеді.
6) Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тұруға ордер береді (бұдан әрі – ордер), ордер комиссия отырысынан кейін 3 күннен кешіктірілмей беріледі.
7) Ордер факультет деканатындағы (колледждер дирекциясындағы) «Ордерлерді тіркеу журналына» тіркеледі.
8.1 Ордерлер мен кету қағазы бланкілерін дайындауға арналған өтінімді СҮ директоры береді.
8.2 СҮ директоры деканаттарға СҮ-не студенттерді қоныстандыруға дейін белгілі бір көлемде және нөмірленген, қол қойғызып (колледж дирекциясына) ордерді береді.
8.3.Ордер факультеттің деканатында (колледж дирекциясында) «Ордерлерді тіркеу журналында тіркеледі».
Қоныстандыру тәртібі:
1) 23 тамыздан бастап 28 тамызға дейін – Орын беру кезектілік критерийлеріне сәйкес (5 қыркүйек бойынша келесі курсқа көшетін контингент) 1, 2, 3 кезекте тұрған студенттерді (білім алушыларды) СҮ бөлмелеріне орналастыру;
2) 28 тамыздан бастап 5 қыркүйекке дейін – Орын беру кезектілік критерийлеріне сәйкес 4, 5, 6 кезекте тұрған студенттерді (білім алушыларды) СҮ бөлмелеріне орналастыру.
10. Ордер алғаннан кейін студент (білім алушы) бөлмеде орын алу және қоныстану үшін Студенттер үйінің директорына жіберіледі. Студенттің (білім алушының) өзімен бірге болуы керек:
- комиссия бұрыштамасы мен шешімі бар өтініш;
- медпункт дәрігерінің қолы қойылып, мөртабаны басылған ордер;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- оқу академиялық кезеңге (семестр, оқу жылы) коммуналдық қызметтердің төленгендігін растайтын түбіртек көшірмесі;
- 3х4 см фотосы (4 дана).
4) Студенттер Үйінің директоры қоныстанатын студентті ордер негізінде тіркейді, бөлменің кілттерін береді, Студенттер үйінде қоныстану шарттарын, тұру ережелерін түсіндіреді, онымен материалдық құндылықтарды сақтауға материалдық жауапкершілік шартын жасасады, осы келісім-шарт жыл сайын қабылдау-беру актісі бойынша қайта жасалады (шарттың және актінің 1 данасы студентке беріледі).
5) Шетелдік студенттерді, сондай-ақ ректордың келісімімен тұратындарды қоспағанда, қысқы демалыс уақытында студенттер бөлмелерді 30 желтоқсанға дейін босатуға және көшуге тиіс. Қайта қоныстандыру 19 қаңтардан бастап 21 қаңтарға дейін жүреді.
6) Студенттер үйінде тұратын барлық студенттер тұратын жері бойынша уақытша тіркелуге міндетті болады. Тіркеу мерзімі 05 қыркүйектен 05 қазанға дейін.
7) Студенттер үйінің тұрғындарымен және басшылығы арасында туындайтын даулы мәселелерді жетекшілік ететін проректор қарайды. Даулы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда ректор немесе президент шешеді.
8) Магистранттарға және сырттай оқу түрінің студенттеріне бөлме Студенттер үйінде бос орындар болған кезде ақылы негізде берілуі мүмкін.

Студенттер үйінен шығару және тұрып жатқан орынды босату тәртібі
Студенттер үйінен шығару Студенттер үйінің директоры, факультет деканының өтініші бойынша комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады, ректордың бұйрығымен келесі жағдайларда ресімделеді:
– Ішкі тәртіп ережелері (ІТЕ) және Студенттер үйінің Тұру ережесі бұзылған жағдайда Тәртіптің бұзылуы туралы акті жасалғаннан кейін 24 сағат ішінде;
- кез келген негіздер бойынша ХБК (ҚазБСҚА, ҚАУ) білім алушылары қатарынан студентті оқудан шығарған жағдайда, соның ішінде оқу ақысы бойынша берешегі болғанда – 3 күнтізбелік күн ішінде тиісті бұйрыққа қол қойғаннан кейін;
- СҮ директорының рұқсатынсыз бөлмеден бөлмеге көшу кезінде; рейдтік тексеру актісіне сәйкес дәлелді себептерсіз бекітілген бөлмеде бір аптадан артық тұрмаған жағдайда;
- академиялық үлгермеушілігі және қаржылық берешегі үшін;
- Оқу шарты талаптарын бұзғаны үшін;
Тұрғындар шыққан кезінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша өздеріне жатақханаға орналасу кезінде пайдалануға берілген барлық ТМҚ тапсырады.
Оқу жылы ішінде студентті(терді) шығарған кезде СҮ директоры себептерін көрсете отырып шығару туралы ақпаратты ректордың қабылдауына және тиісті деканатқа (колледж дирекциясына) жібереді. Декан (директор) орналасуға үміткерлер арасынан кезектілік тәртібімен қоныстандыруға ордер береді.
СҮ-нен шығаралуы тиіс кәмелетке толмаған тұрғындар (колледж) және бакалавриаттың 1 курсы ережені өрескел бұзған жағдайда тұрғындар ата-аналарының қатысуымен шығарылуы мүмкін. Ата-анасы келгенге дейін бекітілген тарифтер бойынша ақылы негізде тұрады
Ордердің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тұрғындар бөлмелерінде косметикалық жөндеу (әктеу, сырлау, тазалау) жүргізеді және 3 жұмыс күні ішінде алып отырған тұрғын үй ауданын босатады.


Студенттер үйінде тұру ережелері

Студенттер тұрғын бөлмеде ордер негізінде тұрады.
ҚР азаматтарын тіркеу және тіркеуден шығару ережелеріне сәйкес СҮ тұратын студенттері уақытша тұратын жері бойынша бірінші қазанға дейін тіркелуге міндетті. СҮ тіркелмеген студенттер бірінші қазаннан бастап бір ай ақылы негізде тұрғызылады, содан кейін (бірінші қарашадан бастап) шығарылады.
Студенттер сеніп тапсырылған мүлікті уақытша иеленуге материалдық жауапкершілікке тартылады, ол толық материалдық жауапкершілік туралы шартта және тұрғын бөлмелердегі мүлікті қабылдап алу-тапсыру актісінде расталады, жалпы пайдаланымдағы ортақ мүліктің сақталуына жауапкершілікке тартылады.
Студенттер Студенттер үйінің ішкі тәртіп ережесін, студенттік кеңес және басқа да басшылық қызметтердің шешімдерін сақтауға, кезекшіліктің барлық түрлері бойынша өз міндеттерін толық көлемде және адал орындауға міндетті.
Студенттер үйіне кіру рұқсаттама қағазы бойынша сағат 6.00-ден 00.00-ге дейін жүзеге асырылады; бөгде адамдар белгіленген уақытта қатаң түрде жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсына отырып кіреді. Қонаққа келген студенттердің туыстарына Студенттер үйінде тұруға рұқсат етілмейді.
Студенттер үйінде тұратын білім алушылар өзінің бөлмесін және қоғамдық пайдалану орындарын тазалықта және тиісті санитарлық-гигиеналық жай-күйде ұстауға міндетті.
Студенттер үйіне мас күйінде келуге мүлдем жол берілмейді.

Студенттер үйінде тұратын студенттерге рұқсат етілмейді:

а) Студенттер үйінде белгіленген өзін өзі ұстау және тұру тәртібін, белгіленген Ішкі тәртіп ережелерін (ІТЕ), Еңбек және қауіпсіздік регламентін, аудиториядан тыс жұмыс регламентін және «ХБК» АҚ басқа да ішкі нормативтік құжаттарын бұзуға;
б) ХБК,ҚАЗБСҚА және ҚАУ имиджіне нұқсан келтіруге, ЖОО қызметі туралы дұрыс емес мәліметтерді таратуға;
в) Студенттер үйінің, ХБК, ҚазБСҚА, ҚАУ мүліктерін, оның ішінде жиһаз, тұрмыстық және орг. техниканы, интерьер заттарын, құрал-саймандарды бүлдіруге, бөлме-жайлардың ішкі интерьерін және сыртқы келбетіне нұқсан келтіруге (механикалық немесе кез келген өзге де зақымдар арқылы, сондай-ақ жиһаз, ғимараттар бөлме-жайларының және оқу корпустарының қабырғаларына сурет салу, жазуға);
г) құрамында есірткі бар, психотроптық заттарды, сондай-ақ алкогольді сусындарды сатып алуға, сақтауға, пайдалануға, насихаттауға, тауып беруге;
д) атыс қаруы және суық қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғылар, сондай-ақ газ (аэрозольдер барлық түрлерін қоса алғанда), травматикалық немесе кез келген өзге де қару-жарақты сатып алуға, қолдануға, тауып беруге, сақтауға, алып жүруге, насихаттауға;
е) даулы жағдайларда дене күшін қолдануға, куә болуға немесе жанжалды оқиғаларды дайындауға қатысуға және Студенттер үйі басшылығының, оқытушылар мен Қауіпсіздік қызметін ақпараттандыру арқылы оларды оқшаулауға бағытталған ешқандай әрекет етпеуге;
ж) адамның қадір-қасиетін таптауға, зорлық-зомбылыққа, зорлық-зомбылық көрсетір қорқытуға бағытталған кез келген өзге де іс-әрекеттерге, иелену немесе мүлікті иемденуге бағытталған іс-әрекет етуге;
з) құмар ойындар ойнауға, басқаларды да тартуға, сондай-ақ насихаттауға;
и) белгіленген тазалық режимін бұзуға;
к) сағыз қолдануға, жарнамалау, сатуға тыйым салынады;
л) ХБК, ҚазБСҚА және ҚАУ басшылығына, оқытушыларына, қызметкерлеріне, білім алушыларға қандай да бір дөрекілік көрсетуге, мораль мен этика нормаларын бұза отырып өзін өзі ұстауға, оның ішінде: дөрекі және адамның қадір-қасиетін қорлайтын сөздерді қолдануға;
м) діни бағыттарды, діни экстремизмді қоса алғанда үгіттеуге, насихаттауға, қатысуға;
н) тұрмыстық заттармен (терезе іш киім іліп қоюға және т.б., азық-түлікті терезе алдына шығаруға) ғимараттың қасбеттік бөлігін бөгеуге тыйым салынады;
о) СҮ пайдалану қызметінің келісімі бойынша СҮ Әкімшілігінің жазбаша рұқсаты берлімеген жағдайда өз тұрмыстық электр аспаптарын және тұрмыстық техникасын пайдалануға.