Мен сіздерге ҚАУ отбасының атынан сәлем беруіме қуаныштымын.

 Университетті құру кезінде біз өзіміздің алдымызға Қазақстанның болашақ зияткерлік бетке ұстарларын қалыптастыратын, мобильді білім беру жүйесін құру мақсатын қойдық. Және бүгінгі таңда, біз осы мақсатқа жеттік деп айта аламыз.
 
ҚАУ бітірушілері Қазақстанның алдыңғы қатарлы компанияларына еңбекке тұрған, бизнесте, халықаралық ұйымдарда жоғары буын менеджерлерінің деңгейінде және орта буын менеджерлерінен төмен емес лауазымдарға ие.
Осы сайттың беттерінде Сіз университеттің құрылымы, оның бөлімшелері, академиялық бағдарламалары, қабылдау шарттары, оқу үрдісінің регламенті, ауысу үдерісі және білімді шетел жоғары оқу орындарында жалғастыру, сынақтан өту мүмкіндіктері және профессорлық – оқытушылық құрамның тізімін қоса отырып, кітапхананы, ІТ технологияларды, «Интернетті» пайдалану туралы толық ақпаратты таба аласыз. 

ҚАУ білім беретін қызметтердің үздіксіз циклін жүзеге асырады: қауымдастырылған ЮНЕСКО мектебі (1–11 сыныптар), Алматы байланыс колледжі, бакалавриат, магистратура. 

2004 жылы атырау қаласында – Батыс Қазақстан (ҚАУ БҚФ) филиалы ашылды.   Университеттің өзінің дәстүрлері, жоғары білікті педагогтар мен ғалымдардан құралған ұжымы бар. 
 
ҚАУ университетті әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіруге және біздің бітірушілерімізге кәсіби қызметтердің әлемдік нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беруге бағытталған, оқудың кредитті жүйесін сәтті енгізді.    
Қысқа мерзім ішінде, ҚАУ – да оқу үрдісін, ғылыми зерттеулерді, халықаралық қызмет үдету және өндіріспен екі жаққа да тиімді тығыз байланысты орнату мақсатымен, академиялық өмірдің көптеген жақтары реформаланды. 


Үздіксіз жаңарудың осы үрдісі әртүрлі профильді мамандардың жылдам өзгеретін жағдаятына сәйкес келуге бағытталған. 

Сіздердің жолдарыңызға сәттілік тілеймін! 
Әмірлан Құсайынов