Абсаттаров Галымжан Раушанбекович

1979 жылы 18 ақпанда Алматы каласында туылған. 2000 жылы Абай атындағы АМУ заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша күндізгі бөлімшесін бітірді. Сонымен қатар осы университетте қаржы-экономикалық факультетін сырттай бітірген. 2000-2004 жылдары Абай атындағы АМУ «Саясаттану» мамандығы бойынша аспирантурада окыған. 2010 жылы «Қазақстан Республикасының құқықтық саясатты саяси талдау» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.

Еңбектің өтілі:

- 2007-2009 жылдары Д.А. Қонаев атындағы «Кен-тау іс институтында» ғылыми-техникалық автоматизация бөлімінің директоры;

- 2009-2012 жылдары Қызылорданың мемлекеттік «Қызмет» коледжінде оқу ісінің директор орынбасары;

- 2012-2014 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ тарих факультетінің тәрбие жөніндегі декан орынбасары;

- 2015-2017 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ филология және көптілді институтының ғылым және халықаралық қатынасы бойынша директор орынбасары;

- 2012-2017 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ «Саясаттану және әлеуметтік-философия пәндері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

Ғылыми зерттеу жұмыстары:

- 90-нан астам ғылыми мақалалары жарық көрген, соның ішінде 30-дайы шетелдерде жарияланған. Екі монография баспадан шығарылды.

Кәсіби даму:

- Лестер университеті (Ұлыбритания) және Каталония халықаралық

университеті (Испания) «Болашақ» бағдарламасы бойынша бір жылдық тағылымдамасын

өткен;

- Фрайбург педагогикалық унивеситетінде (Германия) кәсіби білімін жетілдіру курсынан өткен;

- Қазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігінің «Өрлеу» бағдарламасы бойынша педагог қызметкерлері үшін кәсіби білімін жетілдіру курсынан өткен;

- Нью-Кастл университетінде (Ұлыбритания) пәнді оқыту әдістемесі курсынан кәсіби білімін жетілдіру курсынан өткен;

Сонымен қатар Қазақстан мен шетелде республикалық және халықаралық конференцияларына, дөнгелек стөлдерге және семинарларына қатысқан.