Салпеков Алибек Сайлаубекович

Салпеков Алибек Сайлаубекович 1985 жылы 20-шы қарашада Қазақстан Республикасы Алматы облысының Сарқанд ауданы, Лепсі кентінде дүниеге келген.

Отбасылық жағдайы: әйел, үш баласы бар.

Ұлты: қазақ.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

 Қазақ тілі (ана тілі), орыс (еркін), ағылшын (еркін) және корей (базалық) тілдерінде сөйлейді.

2001 жылы Алматы қаласындағы М.Маметова атындағы №28 техникалық лицейде 9 сыныпты бітірді.

2001-2005 ж.ж. - Қазақ-Америка Университетінің жанындағы Алматы байланыс колледжінде, көп арналы телекоммуникация желілері мамандығы бойынша оқыды.

2005-2008 жж. - Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтында (ҚМЭБИ), қаржы мамандығы бойынша бакалавриатта оқыды.

2008-2009 жж. - ҚМЭБИ-де білім алды, дәрежесі: Іскерлік басқару магистрі; мамандығы: бухгалтерлік есеп.

2007-2009 жылдары әскери кафедра (резервтік сержант) өтті.

2008 жылдың ақпан айында американдық студенттік ұйымдардың (АҚШ, Нью-Йорк) конференциясына қатысты.

2005 жылдың жазы - Алматы облысының «Қазақтелеком» АҚ-да электромеханик маманы бойынша жұмыс жасады.

2007-2008 ж.ж. - ҚМЭБИ Студенттік үкіметінің президенті болып сайланды.

2008 жылдың күзінде - «Samsung Electronics және Central Asia» ЖШС-дегі бухгалтер болды.

Қыркүйек 2009 ж. - Алматы қаласындағы RESMI Инвестициялық қаржы үйі АҚ-ның кіші инвестициялар талдаушысы болды.

  2010 жылдың мамыр айынан бастап  2011 жылдың тамызына дейін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетінің шетелдік тікелей инвестициялар бөлімшесінің сарапшысы болды.

Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту; шетелдік компаниялармен келіссөздерді ұйымдастыру және инвестициялық жобаларды бақылау (жетекші елдер: Жапония, Корея, Қытай, Малайзия, Сингапур, Үндістан, Моңғолия және т.б.)

2011 жылдың тамызынан бастап «Матин» БК» ЖШС мұнай компаниясына сатып алу бойынша инженер ретінде қабылданды. Осы компанияны қайта құрылымдаудан кейін «Матен Петролеум» АҚ мұнай компаниясына сатып алу бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылды.

 

2013 жылы 27 жасында Ақтау қаласындағы «Ансаган Петролеум» АҚ мұнай компаниясына Экономика және қаржы жөніндегі директордың орынбасары лауазымына ауыстырылды. Содан кейін коммерциялық істер жөніндегі директоры болды.

2015 жылдың күзінде Алматыға көшіп, «Руми» басқарушы компаниясымен бірлесіп «Руми на Абылайхана» мейрамханасын ашты.

 2016 жылы ол Alatau Developments консалтингтік компаниясын құрды, оның негізгі қызметі халықаралық банктер қаржыландыратын халықаралық тендерлер бойынша консультациялар қызметін көрсету. Сол жылы ол көліктерге газ жабдығын орнату бойынша компанияны Almaty Auto Gas ЖШС-н құрды.

2017 жылдың мамыр айында Америкада ұлы туғаннан кейін Америкада босану және визалық бағдарлама бойынша консалтингтік компанияны құрды (www.hochuvusa.kz).

Сертификат