Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы

Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы  

 

Ынтымақов С.А.  1966 жылы  4 қаңтарда Алматы  облысында дүниеге келдім.

Орта мектепті  бітіргеннен  соң 1983 жылы  Алматы  облысының  «Тегістік»  совхозында   жұмысшы  болып істедім.

1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Университетін үздік дипломмен  бітірдім. Содан кейін Солтүстік Қазақстан Облыстық Прокуратурасында (Петропавл қаласы ) Басқарма  прокуроры болып жұмыс істедім.

 1998 жылдан бастап еңбек жолын Қазақ Гуманитарлық  Заң Университетінің «Азаматтық құқық»  кафедрасында  аға оқытушы,  кафедрада   меңгерушісі  болып  жалғастырдым.

  2009 жылы 12.00.03 – азаматтық құқық; іскерлік құқық; отбасы құқығы; халықаралық жеке құқық; азаматтық іс жүргізу процессі; арбитраждық процесс мамандығы бойынша заң ғылымдарының  кандидаты  диссертациясын   қорғадым.    

   Диссертациялық жұмыстың тақырыбы: «Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандарының құқықтық жағдайының ерекшеліктері». Ғылыми жетекшісі – заң ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменов М.К.       

   Ғылыми қызметпен   қатар  заң саласында  тәжірибемен қоса айналысамын. 

   Бес  оқу құралының  және бір ғылыми  монографиялық еңбектің авторымын, 60-тан астам  ғылыми мақалаларым  жарық  көрген.

  Отбасы жағдайым: үйленгенмін,   ұлым бар,  есімі –Даниал.

Сертификат