Жандарбек Бауыржан Әбілқасымұлы

Жандарбек Б.Ә.  1957 жылдың 1 мамырында Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы  Төмен-Арық совхозында туылған. 1974 жылы Қызылорда облысының «Келінтөбе» совхозындағы № 192 орта мектебін бітіргеннен соң аталған совхоздың жұмысшысы болып істеген.

      Жандарбек Б.Ә. 1987 ж.   «құқықтану»  мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы ҚазМУ-н тәмамдады. Содан 2002 жылға дейін  Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының оперативтік басқару құрамында  әр түрлі қызметтерде жұмыс істеді. Соның ішінде ҚР ІІМ Академиясында аға оқытушы, факультет бастығының орынбасары, оқу бөлімінің бастығы, актуальды құқықтық мәселелерді зерттеу лабораториясының бастығы қызметтерін атқарды, отставкадағы полковник. 

    2002 ж. 19 сәуірінде  12.00.03 – азаматтық құқық, іскерлік құқық, отбасы құқығы, халықаралық жеке құқық, азаматтық іс жүргізу процессі, арбитраждық процесс мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаттығына ізденуші диссертациясын қорғады. Диссертациялық жұмыстың тақырыбы: «Правовые основы усыновления (удочерения) в Республике Казахстан (вопросы теории и практики)». Ғылыми жетекшізаң ғылымдарының докторы, профессор Ащеулов А.Т.       

     2010 жылдың  1 қыркүйегінде 12.00.03 мамандығы бойынша «ҚР-да отбасы қатынастарының құқықтық реттелуі» тақырыбына заң ғылымдарының докторлығына ізденуші диссертациясын қорғады. Ғылыми кеңесшісі - ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменов М.К. Соңғы жылдары отбасы неке қатынастары және азаматтық ісжүргізу саласы бойынша мамандануда.

    Заң саласында практикалық және теоретикалық тәжірибесі бай.  90–н аса ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 2 оқу құралы және 3 монографиясы, тең автормен бірге шығарған оқулық жарық көріп, заң және халықаралық қатынастар факультеттерінің оқу процесінде  қолданылуда.

    Шет елдерде  19  ғылыми еңбегі жарық көрді (Чехияда, Болгарияда, Поляк Халық Республикасында, Алмания Федеративтік Республикасында, Латвия Республикасында, Ресей Федерациясында  және  Тәжікістан Республикасында).

     Қызметте болған кездерінде Жандарбек Б.Ә. өзін білгір, талап қойғыш, студенттермен жұмысты ұйымдастыра алатын педагог ретінде көрсете білді.

           2005 жылдан  2014  жылар аралығында әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университетінде басында – доцент, кейіннен – профессор, «Азаматтық және кәсіпкерлік құқық» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2011 жылы әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік оқытушысы болып танылды.

 

Сертификаттар