ҚР «Білім туралы» Заңына (27.07.2007 ж.) және Болон декларациясына сәйкес, Қазақстан Республикасында «бакалавриат», «магистратура», «докторантура» үш негізгі бағдарламаларына негізделген, жоғары және жоғарыдан кейінгі білімнің үш деңгейлі жүйесі қабылданған.
Сонымен қатар, келесі бағдарламаға рұқсат, алдыңғы бағдарламаларды сәтті аяқтауды қарастырады.
Жоғары оқу орнының кәсіби оқу бағдарламаларының құрамы жалпы білім беруші, базалық және профильді пәндердің оқытылуын қарастырады. Әр цикл міндетті құрам және таңдау бойынша құрам пәндерінен тұрады. Оқушының әр циклдағы таңдауы бойынша құрамының пәндері мазмұны бойынша міндетті құрам пәндерін толықтырулары тиіс.
«Бакалавр» академиялық дәрежесін, біліктіліктерді және қорытынды аттестаттаудан жақсы өткен, тұлғаға берілуі арқылы расталатын, оқу мерзімі төрт жыл, жоғары негізгі білім (бакалавриат);
Бакалавриат бағдарламасы таңдалған мамандық бойынша базалық кәсіби білімді қамтамасыз етеді. Бітіруші орта фундаменталды және кәсіби профилдік дайындық ала алады. Жұмысқа орналасқанда арнайы кәсіби жоғары білімді қажет ететін қызметтерге орналасуға немесе магистратурада білімін жалғастыруға мүмкіндік береді.