Оқырмандарға қызмет көрсету жұмысы кітапхананың бір абонемент пен  үш оқырман залында ұйымдастырылған.

Ғимараттың астыңғы қабатында (цокольный этаж) орналасқан:

Оқу әдебиеттері абонементі №6 – кітапханаға оқырмандарды тіркейді және магистранттарға, барлық курс студенттеріне, колледж оқушыларына, ПМҚ-на және қызметкерлерге қызмет көрсетеді. Әдебиеттер бір семестрге қолға беріледі. Қүзгі семестр аяқталған соң оқырмандар, қолданатын әдебиеттер мерзімін ұзартулары тиіс. Көктемгі семестр (1-ші шілдеге дейін) аяқталғаннан кейін – қолдағы кітаптарды түгелдей қайтаруға міндетті. Аз данамен шыққан әдебиеттер қысқа мерзімге беріледі. Қызмет көрсету түрілері – жекеше қызмет, топты қызмет (оқулықтар жинағын семестрге беру). Оқу әдебиеттері абонементі №8 – абонементте: барлық курс студенттеріне, колледж оқушыларына, магистранттарға, ПОҚ-на және қызметкерлерге қызмет көрсетіледі.

Қорда оқу процессі мен ғылыми жұмысқа көмек ретінде ғылыми әдебиеттер, анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар, жан-жақты танымдық әдебиеттер, колледж оқушыларына арналған оқулықтар, сырттай оқу бөлімі студенттері үшін оқу-әдістемелік әдебиеттер ұсынылған. Бір бағыт бойынша әдебиеттер 2-3 дана көлемінде 20 күнге қолға беріледі. Жеткілікті данадағы басқа да кітаптарды семестр мерзімінде қолданысқа беру қарастырылған. Аз даналы кітаптар қысқа мерзімге беріледі. Семестр бітерде оқырмандар әдебиетті қолдану мерзімін ұзартуға міндетті. Көктемгі семестр аяқталғаннан соң  қолға алынған барлық әдебиеттерді өткізуге тиісті. Қызмет көрсету түрі – жеке дара.

Оқырмандарға ыңғайлап, кітап беру орнында аз данада басылып шыққан басылымдарды келесі күнгі таңға дейін беретін «Түнгі абонемент» ашылған.

 

 

№1-ші оқу залы - №103 каб.- бұл университет  студенттеріне арналған. Залда әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша және құқықтық (тарих, философия, саясаттану, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, этика, эстетика, дінтану, құқық негізі, шаруашылық қызметінің заңдық негіздері), жаратылыстану ғылымына жалпы дайындауға арналған әдебиеттер (математика, физика, химия), тіл білімі әдебиеттері: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, экономика, анықтамалар мен мерзімді басылымдар ұсынылған. Және де осы залда аз даналы әдебиеттер 20 күнге дейін қолға берілетін көркем әдеби кітаптар да бар.

*№2-ші оқырмандарға арналған электронды - №106 каб. залда оқырмандар үшін Интернетке қосылған 12 компьютер қойылған, мұнда «Заң», және «Заңгер» орыс тілінде электронды мәліметтері бар, сонымен қатар, сканер, принтер орнатылған. Оқырмандарға жеке дара компьютерлер оқу процессіне қатысты (титульдік беттер, рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар және т.с.с.) мәтін теру үшін - тегін қызмет ұсынылған. Компьютерде жұмыс істеу уақыты шектеусіз. Және де осында әдебиетті кітапхананың электронды каталогы арқылы іздеуге болады.

          

Ғимараттың 6-шы қабатында орналасқан:

*№3-шы оқу  залы –*Колледж оқушыларына да арналған абонемент осы ғылыми әдебиеттер абонементінде орналасқан, мұнда колледж студенттерінің өздеріне керекті оқулықтар алу мүмкіндігі бар. Күзгі семестр аяқталғаннан кейін оқырмандар әдебиеттерді қолдану мерзімін ұзартуға тиісті.  Көктемгі семестр (1-ші шілдеге дейін) аяқталғаннан соң – оқырман қолға алған барлық кітаптарын өткізуге міндетті. Қызмет көрсету түрі – жеке дара, топтық қызмет көрсету (оқулықтар жиынтығын семестрге беру).