«Менеджмент» - 6М050700

 Магистратурада«Менеджмент» мамандығы бойынша дайындық екі бағытта өтеді: бейінделген (оқу ұзақтығы 1 жыл немесе 1,5 жылға созылады), және ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі 2 жыл).
Оқу барысы екі тілде жүргізіледі: қазақ тілі және ағылшын тілі.
Бейінделген магистратура тереңдетілген кәсіби дайындыққа ие, экономика және әлеуметтік салаға, бизнес аясына қажетті жоғары оқу орнынан кейінгі бір жылдық білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлауды іске асырады.
Ғылыми және педагогикалық магистратура жоғары деңгейдегі ғылыми және педагогикалық дайындыққа ие, жоғары білім беру жүйесіне және ғылыми-зерттеулік бөлімге қажетті жоғары оқу орнынан кейінгі екі жылдық білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлауды іске асырады.
Бұл бағдарлама түлектері жекеменшіккәсіпорынның және ұйымдардың кез келген түрлерінде, мемлекеттік басқару және жергілікті басқару органдарында, жоғары білім беру мекемелерінде, ғылыми орталықтарда жұмыс істей алады.
«Менеджмент» мамандығын меңгерген магистратура түлектері ұйымдық-басқарушылық, экономикалық, аналитикалық, ғылыми-зерттеулік, сараптау-консультативті, педагогикалық, оқу-әдістемелік қызметтерін атқарады.