МВА – Master of Business Administration бағдарламасы

МВА бағытындағы бағдарламаның мақсаты- бизнес аясында икемі бар, заманауи білімді игерген жоғары кәсіби деңгейдегі менеджерлерді даярлау. Бұл бағдарлама түлектері бәсекелі нарықтағы компанияларды тиімді түрде басқару қабілетін жетілдіреді.
МВА бағдарламасы бойынша білім ала отыра, магистранттар:

• негізгі экономикалық және басқарушылық тәртіптерін меңгереді;
• бизнестің жаһандық жағдайын зерттейді;
• стратегиялық шешім қабылдау шеберлігін дамытады;
• кәсіпорын деңгейіндегі жұмыс барысын зерттейді;
• ұйымда нәтижелі тәртіп көрсетуді меңгереді;
• көшбасшы қасиетін дамытады.
MBA бағдарламасы бойынша алынған біліктілік, теоретикалық және іс-тәжірибелік оқу ұйымдар мен кәсіпорындарда жоғары деңгейдегі басқарушылық лауазымына ие болуға және кәсіби мамандықтың жаңа түрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Оқу барысында магистратура студенттері шет елдерде оқу-әдістемелік тағылымдамадан өтеді. Олар үшін бірнеше серіктес университеттердің оқу бағдарламалары ұсынылған:
МВА бағдарламасы бойынша мамандарды даярлауда Халықаралық Білім беру Корпациясының Қазақ-Америка Университетінің (ХББК ҚАУ) үздік дәріскерлері ат салысады. Профессорлар мен мұғалімдер құрамы рейтингтік жүйе бойынша жинақталады. ХББК ҚАУ-нің МВА мамандарын даярлаудағы артықшылығы Қазақстандағы бизнестің ерекшеліктерін ескере отыра европалық білім беру жүйесі мен сапасын ұстану болып табылады.
Дәрістер жаңа заманауи ғимаратта жүргізіледі: заманауи техникамен жабдықталған аудиториялар, мамандандырылған медиатека және үлкен көлемдегі кітапхана қоры бар.
Біздің магистранттар тәжірибені беделді компаниялар мен корпорацияларда өтіп қана қоймай, онда басқарушылықтың жаңа, заманауи тәсілдерімен танысады.
«Менеджмент» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын тәмәмдаған соң, түлектерге мемлекеттік үлгідегі дипломдар табысталады.