Ғылыми-әдістемелік кеңес (ҒӘК) ҚАУ оқытушылары мен қызметкерлерінің құрамынан қалыптасады және өзінің жұмысында факультеттердің әдістемелік кеңесімен (ӘК), Ғылыми орталықпен (ҒО) және де эдукология зертханасымен (ЭЗ) тығыз қарым-қатынас жасайды.
ҒӘК жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамаларына, ҚР БжҒМ нормативтік актілеріне, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, ҚАУ ережесі мен Ғылыми және әдістемелік регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

ҒӘК-тің негізгі міндеттері мен қызметі:
 ҚАУ-нің ПОҚ-ның қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және әдістемелік үйлестіру, сапалы және тиімді оқыту менеджментін іске асыру, оқу үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
 ҚАУ тәжірибесін, Қазақстан Республикасындағы басқа да білім ордаларының, ғылыми мекемелердің, сомымен қатар оқу үрдісін ұйымдастырудағы шет елдердің әдістемелік оқытылуын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді оқу, жалпылау және тарату;
 семинарлар, конференциялар және әдістемелік кездесулер ұйымдастыру және өткізу;
 білімді дамытудың нормативтік құқықтық құжаттарының жобасын, мамандықтар классификаторларын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖМБС) талқылау және ұсыныстар енгізу;
 оқу үрдісіне қазіргі заманға сай оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды, оқытудың автоматтандырылған жүйесінің бағдарламалық қамсыздануын, ақпараттық қамсыздану жүйесін, ақпараттық-кітапханалық жүйені енгізу;
 МЖЖБС талаптарын ескере отырып оқу жұмыс жоспарларын (ОЖЖ) және жұмыс оқу бағдарламаларын сараптау;
 пәннің сайланбалы және міндетті тізімдемесін қарау және бекіту;
 оқу үрдісінің оқу әдебиеттерімен және әдістемелік нұсқаулықтармен қамсыздануын бақылауды іске асыру;
 оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, дидактикалық материалдарды, соның ішінде электрондық нұсқадағы дамытуларды ұйымдастыру;
 тест тапсырмаларының сұрақтарын және студенттердің білімін бақылаудың басқа да нысандарын дамыту және сараптау;
 студенттердің өздік жұмысын (СӨЖ) және студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысын (СОӨЖ) әдістемелік қамсыздандыру мәселелері;
 сабақ беру сапасын, студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейін, ҚАУ-нің ПОҚ-ның дәріс сабағындағы бейне презентациялардың нәтижесін талқылау және сараптау;
 сапа менеджментін дамытуды ұсыну және оқу үрдісіне әдістемелік дамытулардың нәтижесін енгізуді дайындау;
 ПОҚ мен қызметкерлердің аттестациядан өту іс-шараларына қатысу;
 жыл сайын Ғылыми кеңесте бекітілу үшін ҚАУ құрметті профессорының тізімін және санатқа кірмейтін ПОҚ тізімін (ҚАУ-нің ғылыми қызметіне кірмейтін пәндерді беретіндер үшін) ұсыну.

ҒӘК құрамы ҚАУ президентінің бұйрығымен бекітіледі. ҒӘК құрамы:
1) ҒӘК әдіскері;
2) Ғылыми орталық директоры;
3) Кітапхана директоры;
4) факультеттердің әдістемелік кеңесінің төрайымы;
5) бағыттары бойынша академиялық и ассоциирленген профессорлар (мамандықтың ОӘК төрайымдары);
6) қашықтан оқыту және тестілеу департаментінің директоры;
7) эдукология зертханасының бастығы.
ҒӘК өз жұмысын AС жөніндегі проректор бекіткен жаспар бойынша жүзеге асырады, және екі айда бір рет отырыс ұйымдастырады.

«ҚАУ еңбектері» ғылыми журналында зерттеу нәтижелерін жариялау тәртібі
«ҚАУ еңбектері» ғылыми журналы ҚАУ басылымы болып табылады және Халықаралық ғылыми жарияланымдар ISSN тізіліміне енгізілген. Жинақ 2000 жылдан бастап шыға бастады. Жаратылыстану, техникалық, экономикалық және гуманитарлық саладағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша өзекті мәселелерді жариялайды. Ғылыми журнал Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігінде тіркелген. Куәлік № 11334 – Ж 20 желтоқсан 2010 жылы берілді (алғашқы есепке қою кезіндегі нөмері мен мерзімі №5767-Ж 24 ақпан 2005 ж.).
«ҚАУ еңбектері» ғылыми журналы Францияда тіркеу негізінде әрекет етеді: ISSN – 1563 – 1818; ISBN – 9965 – 9308-3-X.
Журнал 300 дана таралыммен, жылына кем дегенде 4 рет аралықпен баспа түрінде жарияланады.
Университеттің ғылыми журналы интернет желісінде ұсынылған, мекен жайы: www.trudy-kau.kz

ҒӘК әдіскері:
тел.: +7(727) 226 81 23
e-mail: b.kabysheva@kau.kz