Кітапхана тарихы 1997 жылы Қазақ –Америка Университетінің ашылуымен Алматы байланыс колледжінің кітапхансының кітап қорлары араласып кетуіне байланысты алғашқы кітап қоры Жоғары оқу орнының даму тарихымен бөлінбес байланысты.
Қазіргі уақытта кітапхана ірі оқу-тәриелік және мәдени-ағартушылық бөлім болып табылады.
Кітапхананың басты мақсаттары: ЖОО-ның білім беруқызметінде бәсекелестікке қабілеттілігіне жәрдем беру,білім беру мен ғылыми-зерттеу үдерісіне кітапханалық-ақпараттық көмектесу,кітап қорын және ЖОО-ның ғылыми мұрасын кейінгі ұрпақ үшін сақтау,кітапхана оқырмандарының акпараттық мәдениетін көтеру.
Бай да әмбебап кітап қоры есепке алғанда 210 586 бірлікті құрайды,оның ішінде 10 573 мыңнан астамы-мемлекеттік тілде. Бұл кітаптар,диссертациялар,авторефераттар, СД-тасымалы, аудио-видео кассеталар,мерзімді басылымдар.Кітапхана сәулет-құрылыс саласында ірі ақпарат көздері болып саналады.Сирек кездесетін басылымдары бар. Әрдайым жоспар бойынша қорды әр ЖОО-ның мамандықтар бойынша әдебиеттерді өңдеп,іріктеп отырады.Кітапхана қорына жыл сайын 67 данаға дейін мерзімді басылымдар—газеттер жиынтығы мен журналдардың 54 аса атауы түсіп отырады.Кітапхана қоры ЖОО-ның мамандықтар бойынша мамандар дайындау талаптарына сәйкес келеді.
КАБИС автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйені енгізу кітапхана ісіне жаңа ақпарат техникасын пайдалануға мүмкіндік береді.Электрондық каталог пен электрондық катотекалар құрылды,кітапхана оқырмандарына аз уақыт ішінде керекті ақпарат алуына,әдебиеттерді тақырыбы бойынша іріктеп алуына мүмкіндік береді.Кітапханада ақпараттық-анықтамалық «Заң» жүйесі, электрондық ақпараттық-анықтамалық нормативтік құжаттар қоры «Заңгер»жүйесі бар.
Кітапхана 700 кв.метрлік алаңды алып жатыр.Бұл заманға сай қайта құрылып,жөндеуден өткен меншік жиһаздармен керекті техникамен жабдықталған.
Қазіргі қүні кітапхана директоры болып Алдабергенова Айслу Суюндыкқызы қызмет атқарады. Бұл кісінің басшылығында 5 кітапханашы университет студенттерінің білім алуына рухани және кәсіби пайдасын тигізіп келеді.
Кітапхана Қазақстан Республикасы Кітапханалар Ассоциациясының мүшесі, Жоғары оқу орындарының кітапханалары ассоциациясының мүшесі, халықаралық және деңгейлік конференциялар, семинарлар, жиналыстарға қатысып тұрады.
Университет кітапханасы интернет жүйесінде көрсетіледі,өзінің электрондық адресі бар:kaubib-ka@mail.ru
Кітапхана рухани және парасатты қарым-қатынас,мәдени білім тарату орталығы болып табылады.
Кітапхана жұмысы білім алушының әр жақты дамуының қалыптасуы бойынша мәселені шешуші,білікті және сұранысқа ие болатын мамандар мен ғылыми кадрлар дайындауға бағытталған.
Оқырмандар үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.

Кітапхана директоры Валиулина Маржан Бекарыстанқызы

Тел: 8 (727) 226-81-20