Қазақ-Америка Университетінің кітапханасы Автоматтандырылған кітапханалық –ақпараттық жүйесі  КАБИС  бағдарламасымен қамтамасыз етуге келісім шартқа отырды. (Қазақтың автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі - ҚАКАЖ) бағдарламасы бойынша автоматтандырылған. Бұл бағдарламаны «Kazakh Soft» «Казах Софт» компаниясы шығарған. Жүйенің негізгі ерекшелік сипаттамасы - жылдам меңгеру мүмкіндігі, интерфейстің ыңғайлылығы, қазақ тілінде жұмыс жасау мүмкіндігі, (АРІ) бағдарламалық интерфейсінің жүйелілігі, код сенімділігі, әкімшіліктендіру мен жұмыс жасаудың қарапайымдылығы. ҚАКАЖ (Қазақтың автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе) Қазақстан Республикасының барлық стандарттарына сәйкес жоғары оқу орындарының кітапханаларына арналған. «КАБИС» бағдарламасының мақсаты – қордағы кітаптардың электронды нұсқасын жасақтау. Компьютерлік- ақпараттық коммуникацияға негіздеу. Бағдарламаның ерекшелігі болып интерфейістің қолайлылығы, пайдалану баға нарқының арзандығы қазақ  тілді әліпбидің қызметінің сапалылығы, код сенімділігі, әкімшілік басқару жүйесінің қарапайымдылығы болып табылады. «КАБИС» бағдарламасы енгізілген кітапханада қанша кітап қоры болатын болса, соншалықты кітап қоры базада тұрады. Бұл жүйенің жұмыс істеуі үшін жалпы қарапайым компьютердің жүйесі қолдананылады. Карточкалар мен сыртқа жіберілетін іс- қағаздары принтермен шығарылуы қажет. Топпен жұмыс істеу базасында жалпыға бірдей пайдаланатын файл серверін пайдалануды ұйымдастыру қажет.  Кітапхана қорындағы құжаттар электронды каталогтар дерекқорына (ЭКДҚ) енгізілген, бұл «Кітаптар», «Диссертациялар», «Авторефераттар», «Брошюра қоры», «Электронды оқулықтар», «Мақалалар» ЭК, «Мерзімді басылымдар», «Сирек кітаптар» электронды каталогтары. Кітапхананың электронды каталогы «КАБИС.   Жаңа түскен әдебиеттер, газет-журналдар мен электронды құжаттарды ғылыми-техникадан өткізіп, штрих-кодтап, кітаптар формуляры, жөнелтпе құжаттары, кәртішкелер, ақпараттық бюллетеньдерді электронды түрде шығаратын болды. Кітапхана қорының есебін, мүлік кітабы мен жиынтық есеп кітабын электронды жүргізуге мүмкіндік алды.

Аталмыш жүйе ТМД және Қазақстан Республикасының кітапханалық стандарттары бойынша құрылған. Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігінің рұхсатымен бекітілген.
КАБИС бағдарламасы жүйесінде қазақ тіліндегі алфавиттің толық енгізілуінің арқасында кітап қорын  мемлекеттік тілде енгізуге жағдай жасалған. Сонымен қатар, кітапхана қорын аталмыш жүйеге енгізу барысында кітапқа толық сипаттама беріледі. Кейін оқырмандардан түскен сұранысты «Іздеу» бағдарламасы бойынша кітапхана қорында сұраныс тақырыбы бойынша қандай кітаптар бар екені жөнінде толық мәлімет автоматты түрде беріліп отырады.

Электрондық каталогты тиісті дәрежеде қалыптастырып, оны дамыту үшін жетілдірілген КАБИС бағдарламасы кешенді нұсқасы бүгінгі таңда университет кітапханасының маңызды бөлігіне айналды. Қазіргі таңда КАБИС бағдарламасымен жұмыстану ісі жақсы жолға қойылып, кітапхана қорына келіп түскен оқулықтардан бастап, мерзімді басылымдарға дейінгі мәліметтер үздіксіз енгізілуде.

Университет  кітапханадағы компьютерлер локальді ақпараттық жүйеге біріктірілген. Кітапхана қорындағы  әдебиеттерді жүйелі түрдегі өңдеу әдістері әдебиеттерді жабдықтау және есепке алу, алғашқы өңдеу, толық библиографиялық сипаттауға ұласып, әрбір кітапқа бір рет жасалатын технологиялық тізгінді, бірнеше мәрте пайдалануға ұсынылатын саты. Міне, осылайша мәліметтер базасы құрылады.

тағы бір ресурс - кітапхана қорына келіп түсетін мерзімді басылымдардың (журналдардың) аналитикалық жазбасы. Бүгінгі таңда мақалалардың мәліметтер базасы күн санап толықтырылуда.
Университет  кітапханасы электронды каталогтағы ақпараттық ресурстарды өз оқырмандарына үздіксіз  ұсынып отырады. Олар: электронды каталогтағы «Кітаптар», «Мақалалар», «Электронды оқулықтар», «Көркем әдебиет», мәліметтерінде мыңнан аса жазбалар бар және олар жүйелі түрде толықтырылып тұрады.

КАБИС кітапханалық жүйесінде штрих – кодтар оқырман билеттері мен кітап даналарына автоматты түрде шығып отырады.КАБИС бағдарламасы қазіргі күнде 425 кітапханада қолданылып отыр.