Кітапхананың жұмыс ережесі: Дүйсенбі-жұма: 8:30 дан 16:30 ға дейін.

Сенбі күні: 8:30дан 12:30 ға дейін.

Үзіліс: 13:00-14:00.  Демалыс: Жексенбі.

Рейтинг алдында,Рейтинг кезінде үзіліссіз.

Сессия уақытында 19:00 ге дейін жұмыс істейді.

Зерттеулер жүргізуге себеп болатын жайлы жабдықты бұзбау үшін, кітапхана оқырмандары төмендегі көрсетілген ережені сақтауы тиіс.

Кітапхана қызметкерлері қойылған ережеге оқырмандардың көңілін аударып отырады.

Ережені бұзған жағдайда оқырман өзінің уақытша немесе біржола кітапхана қызметіне жүгіну құқығынан айрылуы мүмкін.

Оқу залдары мен компьютерлерді қолдану ережесі.

1.Кітапхана оқырмандарына оқу залдары мен интернет желісі қызметтері ұсынылады.

а) Кітапханаға келушілер басқа да оқырмандарды сыйлай отырып, қатты сөйлеуге, ұялы телефонмен сөйлесуге тиым салынады.

б) Кітапханада тамақ ішуге тыйым салынады.

Кітапханы жалпы қолдану ережесі

Кітапхана оқырмандардың кітап,газет,журналдар мен басқа да кітапхана қорында бар материалдарды уақыттылы қолдануын ұйымдастырады.

Қызмет көрсету мен кітап сақтау бөлімдерінде әдебиеттерді үйге беруді тіркейді.

Үйге әкетуге болмайтын аз даналы кітаптарды оқу залдарында отырып қолдануға беріледі.

Оқырмандарға қызмет көрсетуді күшейту мақсатындақандайда бір жағдайға байланысты оқу залдарында дайындалуға мүмкіндігі болмаған жағдайда , «Түнгі абонемент» бойынша үйге кітап беру қарастырылған.

Энциклопедия,анықтамалықтар,диссертациялар,ағымдағы басылымдар сирек және құнды кітаптармен тек қана оқу залдарында дайндалуға беріледі.

«Міндетті дана» штампы қойылған кітаптар үйге берілмейді.

Оқырман үйге алған кітапты,басқа да баспа материалдарын егерде оған басқа оқырман сұраныс жасамаса пайдалану уақытын созуына мүмкіндігі бар.

Оқырман кітапты алған кезде қандай да бір кемшілік байқаған болса кезекші кітапханашыға хабарлауы қажет.Кітап бүлінген жағдайда оған кітапты соңғы қолданған оқырман жауап береді.

Оқырмандар кітапты жоғалтқан немесе кітапқа залал келтірсе онда сол кітапты дәл сондай бағасына сай кітапты тауып алып келуі тиіс,алайда ондай кітапты таба алмаса дәл сол кітаптың құнына тең сол сала бойынша соңғы басылымдарды алып келуі тиіс немесе 10есе құнын оқу орынның есеп бөлімі арқылы төлеуі қажает.

1.ҚАУ  Кітапханасын университет студенттері,оқытушылары және қызметкерлерін ғана қолдана алады.

2.Оқырмандарға ID-карточкасы арқылықызмет көрсетіледі.Оқырмандар кітапханаға жазылар алдында кітапхананың қолдану ережесімен танысып және ережемен келісітінін білдіріп  оқырман формулярына қол қояды.

3.Кітапхана оқырмандарға кітапты және де басқа да кітапхана қорында бар материалдарды  уақытша қолдануды ұйымдастырады.

4.Әдебиеттерді үйге беру абонемент бөлімінде жүзеге асырылады.Оқу залдарында ғана пайдалануға арналған әдебиеттер үйге берілмейді.

5. Оқырман кітапты алған кезде оны тексеріп алуы керек қандай да бір кемшілік байқаған болса кезекші кітапханашыға хабарлауы қажет. Кітап бүлінген жағдайда оған кітапты соңғы қолданған оқырман жауап береді.

6.Оқырман жыл сайын кітапханаға 1-қыркүйектен бастап оқырман билеттерін қайта тіркеуі керек.Оқырман билетінің тіркелген уақыты өтіп кеткен оқырмандарға қызмет көрсетілмейді.

7.Академиядан шығарылған немесе оқудан кету кен жағдайда оқырман міндетті түрде өзіне тіркелген әдебиеттерді өткізуі тиіс.

Оқу залдарының қолдану ережесі

1.Оқу залдарына сөмкемен,жеке немесе басқа кітаптармен,журналдармен,газетпен басқада басылымдармен кіруге рұхсат етілмейді.

2.Әр кітапты алған кезде оқырман формулярына қол қоюы тиіс.Қойылған қол таңба  кітапты оқырманға берілгенін дәлелдеуші құжат болып табылады.

3. Оқу залдарында кітап немесе басқа басылымдарды алу саны шектелмейді.Бір кітапқа көп сұраныс болған жағдайда берілуі шегерілуі мүмкін.Басты кітап сақтау бөлімінен оқу залына берілген кітапты оқырман жеке өзінің қолдануы үшін қалдырып қоюына болады.

4. Энциклопедия,анықтамалықтар,диссертациялар,ағымдағы басылымдар сирек және құнды кітаптармен тек қана оқу залдарында дайндалуға беріледі.

5. Оқу залдарында алынған кітаптар оқу залы жабылғанша өткізілуі тиіс.бұл ережені бұзған жағдайда оқырман кітапхананы қолдану мүмкіндігінен 1айға айрылуы мүмкін.Бұл жағдай қайталанса кітапхананы қолдану мүмкіндігінен ұзақ уақытқа яғни мерзімі созылады.

6.Оқу залынан кітапты алып кетуге болмайды.

  • 1.     Кітапхананың абонемент бөлімін пайдалануға құқы бар оқырмандар өзіне керек кітап жайында анық көрсетіп өтініш қағазын толтырады.Кітапты алған кезде оқырман формулярына қол қояды.
  • 2.     Оқырмандар өздерінің формулярларына абонементтен әр кітапты алған сайын қол қойып отырады.
  • 3.     Үйге алынған әдебиеттердің қолдану уақыты және данасы шектеулі және жеке-жеке тексеріледі.

Оқытушылар үшін:

  • 1.     Оқулықтарпәннің оқытылу мерзіміне қарай беріледі(оқу жылының басында міндетті түрде тіркелінген болуы керек;
  • 2.     Методикалықегерде жеткілікті данасы болса 1-3күнге немесе бір аптаға дейін;
  • 3.     Академия каталогтарыоқу залдарында беріледі;
  • 4.     Бағдарламалық оқытылу уақытының соңына дейін беріледі;
  • 5.     СD,аудио және видеоматериалдар оқытушыларға сабақтарына қолдануға беріледі.

ХБК кітапханасының Электронды залдырының қолдану ережесі.

  • ·         1.Кітапхананың компьютерлік залдары өзінің оқырмандарына өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
  • ·         2.Компьютерлермен тек ҚАУ кітапханасының оқырмандары ғана қолдана алады.
  • ·         3.Компьютерде жұмыс жасау уақыты 2 сағат аспауы тиіс.
  • ·         Оқырман тіркеу журналына келген-кеткен уақытын жазуы тиіс.
  • ·         Оқырмандар компьютердің жүйелік хорларына операциялық жүйеге залал келтіретін болса тәртіптік және материалдық жуап береді.
  • ·         Күн сайын уақытша қаралған ақпараттар өшіріліп отырылады.
  • ·         7.Компьютерді ойын ойнау үшін қолдануға болмайды.
  • ·         8.Интернет жүйесін порнография,террористік,балағаттау мақсатында қолдануға тыйым салады.

Оқырманның құқығы мен міндеттері:

1.     Кітапхана оқырмандары мыналарға құқылы:

  • 1.     Кітапхана ұсынған кітапханалық-ақпараттық қызметтердің басты түрлерімен тегін қолдана алады;
  • 2.     Әдебиеттермен және басқа да ақпарат көздерімен уақытша қолдана алады;
  • 3.     Кітапханалық-библиографиялық жүйелер арқылы кітап қоры жөнінде толық o    мағлұмат ала алады;
  • 4.     Ақпарат қөздерін таңдауда және іздеуде консультативті көмек ала алады;
  • 5.     Кітапхананың барлық құрылымдық бөлімдерінің қорларымен қолдануына болады;

2. Оқырмандар міндетті:

  • 1.     Кітапханадан алған әр бір кітапты,басқа да басылымдарды ұқыпты ұстауы тиіс;
  • 2.     Белгіленген уақытында қайтаруы тиіс;
  • 3.     Кітапты сұрамай немесе оқырман формулярына жаздыртпай алып шығуына болмайды;
  • 4.     Кітаптың парақтарын былғамауы,жыртпауы тиіс;
  • 5.     Ашық кітап көрмелеріндегі кітаптар мен журналдардың орындарын ауыстырып,бұзбауы тиіс;
  • 6.     Каталогтардан карточкаларды суырмауы тиіс.

ҚАУ кітапханасының құқығы мен міндеттері

Кітапхана мынларға құқылы:

  • 1.     Кітапханаға қайтарылған кітаптарды қайтарылуын әр дайым қадағалап отыруы;
  • 2.     Келесі кітапты тек алдында алынған кітапты мерзімі өтсе өткізгеннен кейін ғана берілуін;
  • 3.     Кітапхана ережесін бұзған жағдайда оқырманның кітапхананы қолдану құқығынан айыруына;

 

Кітапхана міндетті:

  • 1.     Оқырмандарға жоғары мәдениеттілікпен қызмет көрсетуге;
  • 2.     Оқырмандарға әдебиеттерді дұрыс таңдау жасауына,әңгімелесу арқылы басқа да ақпараттық-анықтамалар ұсынуына,тақырыптық көрмелер және басқа іс-шаралар,жаңа кітаптар қарауына көмектесуіне;
  • 3.     Оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттырып,кітап қорлары туралы айтуына;
  • 4.     Оқырмандарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді компьютерлендіруді енгізуге;
  • 5.     Қойылған ережеге сай кітапхана қорын есепке алуына(СД,аудио және видео материалдарын)
  • 6.     Кітапхана қорын сақтауға жауапкершілікке алына;
  • 7.     Оқырмандар жұмыс істеуіне кітапханада керекті жағдай жасауға;
  • 8.     Оқырмандарға керекті әдебиеттерін уақытылы берілуіне;
  • 9.     Басылымдарға шағын жөндеу жасауға(жыртылған кітаптарды клейлеп) міндетті.