Арақашықтықтан білім беру және тестілеу, компьютерлік – техникалық орталық департаменті (АББТ - КТОД) ҚАУ – нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қазіргі таңда, АББТ - КТОД ҚАУ талапкерлеріне, оқушыларына ППС білім беру қызметтерін, заманауи ақпараттық - білім беру технологияларының көмегімен ұсынатын және ҚАУ оқу үдерісін оңтайландыруда, білімді бақылаудың тестілік - рейтингтік жүйесін енгізуде оқу - әдістемелік, ақпараттық - технологиялық көмек көрсететін, ҚАУ - нің оқыту - көмекші және мәдени - ағартушы буыны болып табылады.

 АББТ - КТОД әртүрлі тапсырмалардың үлкен шеңберін атқарады. Ол компьютерлерді құрастыру және жөндеуден, оқыту және әкімшілік мақсаттарға арналған бағдарламалық қамсыздандыру мен баптаулардан, ҚАУ интернет – сайтын жасау және қолдаудан, серверлік және желілік жабдықтарды әкімшіліктендіру және техникалық қолдаудан, компьютерлік және ұйымдастырушылық кеңсе техникасына қызмет көрсетуден, оқыту семинарларын өткізуден тұрады.  

ҚАУ қызметін компьютерлендіру бірегей ақпараттық – телекоммуникациялық желінің негізінде жүзеге асырылады: интернетке шығатын (Intеrnet), университеттің барлық бөлімшелерін, оқытушылық – профессорлық құрамды, барлық оқу нысандарының студенттерін қамтитын, жергілікті желі (Intrаnet) құрылған, сонымен қатар ҚАУ аумағы желісіз интернетпен қамтылған. Осы мақсаттардың шешімі компьютерлік техниканың қуатты паркімен, мультимедиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. 

Оқыту, қаржы үдерістерін автоматтандыру жүйесі енгізілген. Оқу ғимаратының студенттері сапалы білім алуға мүмкіндік беретін, қажетті техникалық базамен және ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген. 

Осы тапсырмалардың шешімі компьютерлік және басқа техниканың қуатты паркімен жүзеге асырылады. ҚАУ – нің барлық компьютерлері желіге біріктіліген және Интернетке қосылған. 

АББТ - КТОД қызметінің негізгі бағыттары болып табылады:

  • қашықтықтан оқытудың жаңа инновациялық әдістерін енгізу;
  • ғылыми – педагогикалық кадрлардың зияткерлік әлеуетін пайдалана отырып, қашықтықтан басқаруды қамтамасыз ету; 
  • электронды оқулықтарды профессорлық – оқытушылық құраммен бірлесе отырып, жасау; 
  • ққу үдерісін, ҚАУ бөлімшелерін келешегі бар компьютерлік техникамен, заманауи бағдарламалық өнімдермен және телекоммуникация құралдарымен, сонымен қатар, бейне және аудиоаппаратурамен жабдықтау;
  • заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы, оқушылардың білімін тексеру; 
  • оқу үдерісінде қолданылатын техникалық құралдарды, аудио және бейнеаппаратураның түрлендіру, диагностика және жөндеу; 
  • университеттің ұйымдастырушылық – бұқаралық іс – шараларын уақтылы және сапалы өткізу.