ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

ҚАУ Студенттік Өзін – өзі басқару Комитеті (СӨК) қоғамдық жастар ұйымы ретінде құрылған, университеттің ерікті жастар бірлестігі болып табылады. 

СӨК – ҚАУ студенттерінің, оның мүшелерінің шығармашылық және қоғамдық өмірін ұйымдастыратын, жастар саясаты саласында қызмет көрсететін, қоғамдық ұйым.   СӨК қызметі еріктілік, оның мүшелерінің тең құқылығы, өзін – өзі басқару, заңдылық және ашықтық қағидаларында құралады.

СӨК МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

СӨК негізгі мақсаты Қазақстанның даму стратегиясы мен жастар саясатын жүзеге асыру үшін, студенттік жастарды белсендендіруге және жемісті дамытуға арналған жағдайлар жасау болып табылады. 

СӨК міндеттеріне жатады: 

  • ҚАУ жастарының мәдени және әлеуметтік мүдделерін таныстыру және қорғау;  
  • Жастардың санасында қазақстандық отан сүйгіштікті, мұраттар, нормалар және құндылықтар жүйесін қалыптастыру;  
  • Студенттік жастар ортасында Қазақстан азаматтарының халық бірлігінің идеяларын насихаттау;   
  • жастар арасында мемлекетте өткізілетін реформаларды түсіндіру жұмыстары;  
  • жастардың азаматтық қоғам және құқықтық мемлекетті дамытудағы белсенді ұстанымын тәрбиелеу;  
  • жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;  
  • республикалық және халықаралық жастар ұйымдарымен ынтымақтастық;   
  • жастардың бос уақытын ұйымдастыру;  
  • студенттік жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал ету;  
  • студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту;
  • ҚАУ беделін насихаттау, жастардың университетке деген сүйіспеншілігін дамыту және альма – матер имиджін жоғарылатуды қолға алу. 

 

СТУДЕНТТІК ӨЗІН – ӨЗІ БАСҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 

 

СӨК төрағасы бір жылға оқу жылының басында (1 қазанға дейін), ҚАУ жанындағы мектеп, АБК, бакалавриат факультеттері мен топтарының көшбасшыларының жалпы жиналысында құпия дауыс беру жолымен таңдалады, ары қарай оныың үміткерлігі ҚАУ Президентінің бұйрығымен бекітіледі. 

 

СӨК төрағасы:

  • СӨК жүзеге асыратын барлық жұмыстарды тікелей басқарады.  
  • Жұмыстың бекітілген жоспарларын жүзеге асырады, студенттердің университетте және жалпы қалада өтетін іс – шараларға қатысуын қамтамасыз етеді.  
  • Студенттердің мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен, басқа да жеке және заңды тұлғалармен қатынастарындағы мүдделерін таныстырады.  
  • СӨК атынан өтініштер беруге, ізденуге, СӨК өызметін жүзеге асырумен байланысты әртүрлі құжаттарға қол қоюға құқылы.  
  • СӨК атынан өзінің қызметі туралы ректорат алдында есеп береді.  
  • СӨК құрамын қалыптастырады және оның қызметін басқарады.  

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ҚЫЗМЕТІ

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Студенттердің бейімделу қызметі (ары қарай – СБҚ) ҚАУ СӨК жанынан құрылады. СБҚ қызметінің басты мақсаты – қайтадан қабылданған төменгі курс студенттерді психологиялық бейімдеу және ақпараттық қолдау. 

 

ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

СБҚ негізгі қызметі студенттік жастарды келесі жолдармен бейімдеуге ықпал етуге бағытталған: 

  • студенттерді ҚАУ құрылымы, оның тарихы туралы ақпараттандыру; 
  • студенттерді оқудың кредиттік жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру; 
  • студенттерді ҚАУ және қаланың қоғамдық өміріне араластыру; 
  • студенттердің бейімделуіне қажетті мәліметтері бар, брошюра, буклет,  ескертпелерді шығаруға дайындау; 
  • студенттерді ҚАУ қоғамдық ұйымдарының қызметімен таныстыру    (студенттік деканаттар, көшбасшылар кеңесі, дебат клубы);
  • студенттерді үйірмелер қызметтерімен, спорттық секциялармен таныстыру; 
  • студенттерді Ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру;
  • студенттерді оқу топтарының эдвайзерлері және кураторларымен таныстыру;
  • студенттерді факультет декандарымен және құрылымдық бөлімшелер жетекшілерімен таныстыру.

 

Сыртқы байланыстар және студенттік мәселелер проректорының ұсынысы бойынша (ары қарай – СБжСМ бойынша проректор) ҚАУ президентінің бұйрығымен СӨК штатына енгізілетін, Студенттердің Бейімделу Қызметінің үйлестірушісі (ары қарай - үйлестіруші) тағайындалады. 

 

СБҚ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

СБҚ және үйлестірушінің негізгі қызметтері болып табылады:

  • СБҚ жедел және келешегі бар жұмыс жоспарларын әзірлеу;
  • ҒжТЖ бойынша деканның орынбасарының, факультет көшбасшыларының, АБК студенттік деканының және мектеп көшбасшыларының кеңесінің төрағасының қызметін үйлестіру;
  • бірінші курс студенттерін бейімдеуге бағытталған іс – шараларды ұйымдастыру; 
  • қорғау және құқықтар мәселелерінде студенттерге кеңестік көмек көрсету; 
  • университет факультеттерінің басшылығы алдында қоғамдық қызметпен белсенді араласатын бірінші курс студенттерін рухани және материалды ынталандыру, мұқтаж студенттерге материалдық көмеек көрсету туралы өтініш жасау; 
  • ҚАУ ішкі тәртібі мен оқу тәртібін бұзушылықтар, студенттердің сұранымдары туралы университеттің қоғамдық ұйымдарын, факультет деканаттарын ақпараттандыру; 
  • төменгі курстарға қатысты, тәрбие жұмыстары бойынша сұрақтар бойынша Кеңестің және факультет деканаттарының отырыстарына қатысу; 
  • студенттердің үлгеріміне байланысты мәліметтерге қатысы бар, Тіркеуші кеңсесі мен деканаттардың ақпараттарына рұқсатының болуы; 
  • СБжСМ бойынша проректорға өзінің жұмысы туралы ай сайынғы есепті ұсыну, президентке – жылдық есепті беру (жыл соңында СБжСМ проректорымен бекітіледі).

 

ҚЫЗМЕТТІ РЕГЛАМЕНТТЕУ

СБҚ келесі нысандарды ҚАУ бөлімшелерімен және факультеттерімен ынтымақтастықта болады: 

  • факультеттердің академиялық профессорларының «Мамандыққа кіріспе» лекцияларын оқуы; 
  • деканаттар, Тіркеуші кеңсе өкілдерімен оқуға төлем жасау, білімдердің рейтингтік бақылауы, оқу үдерісінің кестесі және оқу және емтихан сессиясының өткізілу тәртібі, Retake тапсыру туралы әңгімелесулер;
  • кітапхана қорын пайдалану туралы кітапхана жұмысшыларымен әңгімелесулер;  
  • Студенттер үйінің (СҮ) директорымен және СҮ Кеңесінің төрағасымен - тұру ережелері, күн тәртібі, кезекшіліктір және өткізілетін сенбіліктер туралы; 
  • ҚАУ клиникасының жұмысшыларымен – студенттердің жоспарлы алдын алу тексерулері, алғашқы медициналық көмек көрсету және әртүрлі ауруларды емдеу туралы; 
  • СӨК өкілдерімен – студенттердің қоғамдық өмірі туралы, әртүрлі жобалар мен бағдарламаларға қатысуы туралы; 
  • ЛО қызметкерлерімен – ҚАУ – да өткізілетін тіл курстары туралы;
  • ҚЭБ қызметкерлерімен – төлеу жүйесі және айыппұлдар туралы;
  • Қабылдау комиссиясымен - мамандық бағдарлау жұмыстары туралы;
  • ХБ және ЦПиК қызметкерлерімен – айырбастау бағдарламалары, жазғы лагерьлер, тәжірибе базалары және еңбекпен қамту бағдарламалары туралы.

 

ФАКУЛЬТЕТ КӨШБАСШЫСЫ 

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Факультет көшбасшысы оқу жылының басында (1 қазанға дейін) СӨК төрағасының қатысуымен факультет деканының төрағалық етуімен, осы факультеттің ең белсенді және үлгерімі жақсы студенттерінің жалпы жиналыста құпия дауыс беру арқылы таңдалады.  

2. Жалпы жиналыстың шешімі жалпы жиналыстың тізім құрамының 2/3 болғанда жарамды деп саналады. 

3. Факультет көшбасшысын таңдау бойынша жалпы жиналыстың хаттамасы факультет деканына беріледі, оның негізінде факультет деканының факультет көшбасшысын тағайындау туралы жарлығы шығарылады. 

4. Факультет көшбасшысы тікелей СӨК төрағасына, факультет деканына бағынады және СӨК құрамына енеді. 

Өзінің міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда, СӨК төрағасы жалпы жиналыста факультет көшбасшысын қайтадан таңдау туралы ұсыныс жасайды.

 

ФАКУЛЬТЕТ КӨШБАСШЫСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 

Факультет көшбасшысы міндетті:

  • факультетте оқу топтарының көшбасшыларының жиналысын апта сайын өткізу;  
  • жиналыстар, СӨК кеңестері және факультеттің студенттік автивінің факультет студенттерінің мәселелері бойынша жиналыстарының жұмысына қатысу;
  • факультеттегі оқу тәртібінің жағдайын, факультеттегі студенттердің үлгерімін бақылау;  
  • СӨК шығатын ақпаратты факультеттің оқу топтарының көшбасшыларына жеткізу, сонымен қатар, олардың қойған тапсырмаларының орындалуын бақылау;  
  • факультеттің оқу топтарының көшбасшыларынан алынған ақпаратты жедел түрде СӨК назарына олардың қызмет саласына байланысты жеткізу;  
  • СӨК талабы бойынша олардың жүргізетін жұмыстарының нәтижелері туралы толық есеп беру;  
  • өз факультетінің студенттерімен ҚАУ ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу;  
  • факультетте нашақорлық және нашақорлық бизнесімен күрес жұмыстарын жүргізу;  
  • студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу, өз факультетінің студенттерін тарту арқылы, факультеттің және университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу.

Факультет көшбасшысы құқылы:

  • алдарына СӨК қойған тапсырмалардың орындалуын өз факультетінің оқу топтарының көшбасшыларынан талап етуге, жауапсыздықтың пайда болуы жағдайында, факультет деканаты мен СӨК алдында оқу тобының көшбасшысынан өкілеттілікті алып, оны басқа адаммен алмастыруды сұрау;  
  • СӨК жалпы жиналысында факультет активімен жұмысты жетілдіру бойынша және ҚАУ – дағы жастар саясатын дамыту бойынша өзінің ұсыныстарын жасау.
  • факультет студенттерінің атынан күрделі сұрақтармен СӨК басшылығына жүгіну;  
  • қоғамдық қызметпен белсенді айналысатын факультет студенттерін материалдық және рухани қолдау, мұқтаж (ауқатсыз) студенттерге материалдық көмек көрсету туралы факультет басшылығына жүгіну; 
  • факультеттегі студенттердің мәселелері бойынша ҚАУ газетінде мақалалар жариялау;  
  • өз бастамасымен және СӨК – пен келісу арқылы, факультетте іс – шаралар өткізу;  
  • оқу үдерісі және тәжірибе регламентінде көрсетілген, сәйкес талаптарды (үздік үлгерім, СӨК төрағасының арызы) орындаған жағдайда сабақтарға еркін қатысу мүмкіндігін алудағы артықшылық;  
  • ҚАУ «Scholarships», арнайы шәкіртақысын, ҚАУ қамқоршылар кеңесінің гранттары мен шәкіртақыларына, сонымен қатар, ҚАУ басшылығымен, студенттік жастарға байланысты, әртүрлі салалардағы жеңілдіктерді бірінші кезекте алуға үміркер болу; 
  • ҚАУ жанындағы оқу курстарына жеңілдетілген шарттармен қатысу.